Қандай болайын?

Соңғы жылдары өзіме өте жиі қоятын сұрақтардың ішіндегі бастау алып тұрғаны осы. Неге олай екенін өзім де білмеймін, құдды жасөспірім шақта жүргендей сезінемін. Не мазалайды, неге мазалайды, неге мазасызданамын? Әр істен, әр нәрседен көңіл қалады, қолдау іздейсің, табасың, таппайсың...жаяу жүресің, ойланасың, жылайсың, жыламауға тырысасың себебі, себеп жоқ. Сағың сынады қалтаңда ақшаң болмаса, сағың сынар бірақ сенімің болады себебі ақшаң бар. Әннен, өлеңнен, кітаптан, кинодан қолдау іздейсің автоматты түрде. Кино көрсең өзіңе тағдыры ұқсас кейіпкер тауып аласың автоматты түрде.

Жан азығымды өз басым театрдан іздеймін, сондағы кейіпкерлерді өз өмір жолымдағы кездескен пенделермен  салыстырасың. Ол кейіпкерді әдейі іздеп отырмайсың, оның іс-әрекеті, қылықтары сенің ортаңдағы таныс біреуді есіңе салады. Адам аласы ішінде деген сөз қалай тауып айтылған, сол сырты көз жауын алып жылтырап тұрғанға қызығып барып араласасың, сенде өзіңді жақсы адам сияқты сезінесің. Кейін күнге шағылысқандай жылтыры кетіп тат баса бастайды, аласы сыртына шықпаса да маскасы шешіледі біртіндеп. Аңқау ауыз соған аңтарылып жүре бересің.

Сол жолың болмағанына өзіңді кінәлі санайсың, әке-шешеңді кінәлі етесің, бауырларың да кінәлі болып тұрады. Бірақ олардың қатысы жоқ, сонда да сен біреуден кінә іздейсің, себебі әлсізсің. Содан жүрегің ренішке толып қатая түседі, қатая түседі. Тура сол кезде өмірі кездесе бермейтін, ести бермейтін қайдағы жоқ жалғыздықты серік еткен, салқын қанды, талапшыл бейнені суреттеп аласың. Есесіне табысты, іскер болуды көздейсің. Ешкіммен араласқың келмейді. Бірақ қараңғылық бой алса, жүрегің елжіреп, көзіңе жас тола бастайды. Сен бағанағы өзің суреттеген іскер, салқын қанды адам екенің есіңе түсіп мөлдіреп жанарыңа келген жасты, көтеріп шарасына құйып аласың.

Біреу не болды десе, өмірі болмаған көздерің аяқ асты аллергия бола қалады. Ал, кімді алдадың, неге алдадың? Бір мықты болып көрінгің келеді, бірақ қолдау таппайсың, әлсізсің. Сенің әлсіздігің ешкімге де керек емес. Сонау заманда, Абай атамызда айтып кеткен «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен еңбегің екі жақтап» . Қандай болайын, қайсысы маған қолайлы? Осынау жауапсыз қалған сұрақтардан кейін, өзім суреттеген тек жұмыс басты талапшыл, табысты іскер пендеге сұраныс көбейеді. Шалыс басқан қадамы ма өзім жауап беремін, ақшаның қалай келетінін көрдім, ел ертең не дейді деген сұрақтың көп емес бір жыл ішінде желге ұшатынын да көрдім, осының бәрі-бәрі сені құлатпайды, қайта осынау жалғанның бір жеріне кірпіш болып қалануына септігін тигізеді.

Өкпелейсің, жылайсың, күлесің бәрі өткінші солай жүріп бір күні қара жердің қойнына кіресің де кетесің. Анаң қалады артыңнан зар илеп, бір күн жылайды, екі күн жылайды, бір ай, екі ай болды бітті сен енді естесің және суреттесің. Өз проблемаңды үйіп-төксең анаңның түбіне жетесің. Ал, анаңнан айрылсаң барыңнан айрылдың деген сөз. Сағынсаң құшақтай алмайсың, сені құшырлана иіскеп мауқында баспайды, сені жақсы болсын деп «әй» дейтін адам да таппайсың. Құр сүлдері қалған біреуге айналасың. Демеу іздесең, жәй ғана жазып қой бір дәптерге, параққа. Досым маған қиындықта демеу болмады дейсің, бірақ себебін білмейсің. Демеуді АЛЛАдан сұра, сабыр сұра. Бәрі бір АЛЛАның қолында.



Бөлісу: