"ХАМЕЛЕОН" АПА НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ ҰСТАНЫМДАР

Журналистің өмірі шіркін қызық қой,-деп бастап ұзаааққа созатын емес. Өткен күннен бір естелік ойға оралды жол үстінде. 2013 жылы Семей телеарнасында қызметтемін. Шеф редактор шақырып алып үгіт-насихат пойызы деген ұранмен əкімқаралардан бастап əртістерге дейін, дəрігері мен төмен бағадағы азық түлігін қаптаған саудагерлер қосылған ұзын керуен жолға шығады. Соның жұмысын көрсетесің,- деп оператор екеумізді қол ұстасқан күйі жұмсап жіберді. Күй талғайтын емес.Күз мезгілінің бел ортасы ұмытпасам. Семейге қарасты Абыралы өңірінде полигонның арқасында əлемге аты мəшһүр Дегелең ауылына алдымен баратын болдық. Таң ата шыққан жолаушылар жол азабын əбден тартып қас қараяр шақта діттеген жерімізге дегбіріміз таусылып жеттік ау. Əр жерде бір "ҚУАТТЫ ЕЛ, ҚУАТТЫ ЭКОНОМИКА!", "ҚАЗАҚСТАН-2050","EXPO-2017" деген плакаттардың жылт еткені болмаса көзге ілінер дүние аз. "Назад в прошлое" процесіне тап болғандай таң қалдым. Күн салқын болғасын жергілікті халық "малға" киетін стильді ұстаныпты. Олардың сырт келбеті ауылдың халін одан бетер күңіренте түскендей. Күріш, рожки,қант деп басталатын өнімдердің жүк көлігі келіп тоқтағанда ауылдың ақжаулықтылары соғыстан оралған ерлері мінген поезды көргендей атыла жөнелді. Алды тіпті Камаздың үстіне шығып кетіп, төменге қаптарды атып жатыр. Мен де қарап тұрмай жұмысыма кірісейін деп əкімшіліктегілерге бұл бастаманы жөн деп санайтын адамды шақырып жіберіңдерші дедім. Камераны көрген халықтың арасында "Ктк келді, Ктк келді,-деген ақпарат лезде тарады. Бір уақытта бəрі жан жағына қарап бір нəрсе жоғалтқандай қарады. Сөйтсем, бұл ауылдың ел сайлаған "баспасөз хатшысы" (пресс секретары) бар екен. Есімін ұмытып қалыппын.(мысал үшін Сəкіш дейік). Камаздың жанынан 25 келі рожкиін арқалаған жасы 60-тың шамасындағы апам бізге қарай беттеді. Жүзіне үңіле қарасаң осы өңірдің арғы-бергі тұрмысы өшпестей боп сақталғандай. Микрофонды қосып енді сұрақ қояйын деп едім...- Еее несін сұрайсың қарағым! Ауыл шалғайда. Қыста жол жоқ. Бəлніс алыс. Дүкен деген арман. Бастан асқан қымбатшылық. Пенсия үзіліп жететін кездер болады деп бастап кетті. Бұл маған тапсырылған позицияға келмейтін мағлұматтар. Сөзін бөліп апа мен Мем.телеарнаданмын деп едім, ааа солай ма əкем. Қайта жаз. Бүгінгі күнге тəубə. Бəрі жақсы. Ауыл күн санап көркейіп, зейнетақы артып келеді. Бəрі бір күнде болмайды. Сабырлық танытсақ жарасады,- деп əңгіменің ауанын 180 градусқа  өзгерте салды Сəкіш апам. Таң қалғаннан аузым ашылып, жағым түсіп қала жаздады. Ақпараттық саясаттың ауылын біледі о кісілер. P.s: Біз кімді алдап жүрміз?...



Бөлісу: