Қай лига қызықты? Barclays Premier League әлде La Liga

    Көбіміз қай лига көруге қызықты, тосынсыйға толы және іш-пыстырмайды,  Barclays Premier League (АПЛ)  әлде La Liga ма  деген сұраққа келгенде жиі пікір-таласқа түсіп жатамыз.         * Испания футбол лигасы  (La Liga) -  Испания футболы тіпті клубтары соңғы жылдары европа жарыстарында тек жеңістен көрініп жүр. Бұл жағынан Испания клубтары әлемдегі ең мықты клуб болып табылар, бірақ ішкі біріншілікке келгенде, ойын маусымы кезінді аса қызықты емес. Тек барлығы Эл-классиконы тосумен болады. Жылда маусым соңында Топ-3 тек  (Барселона, Реал, Атлетико) футбол клубтарын көруге болады, еш өзгеріссіз, жылда  қайталанатын бір сценарий. Кім-кімді жеңеді, ойын басталмай жатып  анық. Бірақ Испанияның қазіргі таңда: Әлем чемпионаты  (ЮАР-2010), Евро 2012, ЛЧ, ЛЕ жарыстарында топ жарып жүргендіктен футбол державасы, бұл факт.        * Англия футбол лигасы Barclays Premier League   (АПЛ)-жеке өз пікірімше көруге тұрарлық нағыз лига. Маусымдық ойын кезінде кім жеңеді, кім женіледі, кім чемпион, ТОП-4 те кім бол, бұның бәрі  белгісіз. Клубтарының Европалық жарыстарда жолы болмағанымен, ішкі біріншілікте нағыз қып-қызыл қанды футбол. Мұнда күнделікті ойында өзінің эл-классикосы бар. La Liga тек маусым бойы 2 Эл-класииконың ойының тосса, АПЛ де керісінше Манчестерлік дерби (Манчестер Юнайтед-Манчестер Сити) Лондондық дерби (Челси, Арсенал, Тоттенхэм, Вест Хэм Юнайтед, Кристал Пэлас) және әрине Мерсисайдски дерби (Ливерпуль, Эвертон).  Бұл дербидің бәрі футболдың көркін одан сайын қыздырады. Қорытындылай  келе, жеке өз ойым Испания лигасы Англия лигасының қасында көрсетілімі, қызығы жағынан төменірек. Сөзссіз, Испания клубтары әлемдегі ең мықты клубтар, бірақ ішкі біріншілік және европалық додалар (ЛЧ, ЛС)  екеуі екі бөлек ұғым. Кімнің қандай ойы бар?!


Бөлісу: