Тұңғыш Президент күнімен!

      Бүгін ұйқыдан оянып, терезеден айналаға көз жүгірткенімде, өзімнің бақытты жан екенімді сезгендей болдым. Себебі Мен, бейбіт, тыныш, тәуелсіз, "Қазақстан" атты байтақ елдің тұрғынымын. Бұл елдің Даласы дархан, қаласы арман, орманы ну, тәттісі су, үйлері зәулім және бұның бәрі де әлемге мәлім.

     Осынау алып шаһарды уысында ұстап тұрған, еліміздің тірегі, басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол - өзінің дара жолын сала білген тұңғыш Президентіміз. Дәл осы күн, 1 желтоқсан тұңғыш Президент күні! Бұл күн, біз үшін, ел үшін мереке. Ендеше, мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі!

    Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен өрлеуі, халықаралық және өңірлік бағдарламалар аясындағы жемісті қызметі, күн өткен сайын әлемдік ауқымда артып келе жатқан абыройы ең алдымен Елбасымыздың есімімен тығыз байланысты екенін естен шығармайық. Біз тәуелсіздік алған жылдар ішінде дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықтық. Елбасымыздың халық игілігін көздеген сарабдал саясатының арқасында біз сенімді түрде алға жылжып келеміз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жетекшілігімен мемлекетіміз ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші ел ретінде әлем тарихына енді және қоғамдық келісім мен халықтар бірлігі басты жетістігі мен баға жетпес байлығы болып табылатын ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылықтың бірегей үлгісін қалыптастырды. Айта берсең, әңгіме көп... Мен оның бәрін тізбектемеймін. Себебі, бәрі де халыққа аян. 

    Біз, бейбіт елдің ұрпағымыз. Біз, айрандай ұйып отырған бақытты отбасының жастарымыз. Біз, тәуелсіз елімізбен, кемеңгер басшымызбен мақтанамыз. БІЗ БАҚЫТТЫМЫЗ! БІЗ ЕРКІНБІЗ!

     ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ЕЛІМІЗ АМАН, ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛҒАЙ! ХАЛҚЫНЫҢ АРМАНЫ ЖОҚ, БИЛІГІНІҢ ЖАНЖАЛЫ ЖОҚ, ТОЙЫ МЕН ДУМАНЫ КӨП ЕЛ БОЛАЙЫҚ!

 



Бөлісу: