Ақыл мен сабыр-білімде!

    Қазіргі таңда білімсіз қанаты қырқылған құс секілдісің. Лүпілдеп, үздіксіз соғып тұратын жұдырықтай ғана жүрегін көп нәрсені армандайды, алысқа көз тастайды. Алайда, білімің  болмаса, қиялдап, аңсаған арманың  көз ұшындай алыстай бермек. Тек қиялың  ғана сол әдемі әлемнің көк аспанында жерге қона алмай, қалқып жүргендей күйге енеді.

   Білім-қымбат қазына. Оны сатып та, тауып та ала алмайсың. Білім қараңғы қапасқа біртіндеп  кіріп, ішін нұрға бөлейді емес пе? Осынау өмірдің тұңғиық теңізінде де білімсіз адам жағалауға асыққан ескексіз қайық сынды. Қанша жағалауға қарай жүрсе де, сол теңіздің  тулаған  толқындары ескексіз, бағытсыз, жалғыз қайықты алысқа апармайды. Керісінше, қайтардан қойнауына тартады. Себебі, қайық асау толқындар құрған кішкене шеңберден ары аса да алмайды. Ал сол теңіз  өрінде білім атты шырақты жарқыратар болсақ, ұшы-қиырсыз теңіз де, тулаған толқындары да біздерді артқа шегіндіріп, қорқыта алмайды. Яғни, тұңғиық теңіз бетінен, тек көзі ашық, көкірегі ояу, білімді адам ғана, жағалауға шығып, білім шырағын жарқырата алмақ.

 Сонымен, бұл өмірде білім болмаса, адамдардың тағдырын елестету, тіпті ойлап көру де қорқынышты. Ал, егер білімің болса, онда сенің аспайтын  белесің, алмайтын қамалың жоқ!



Бөлісу: