Phd деген не? Оның пайдасы қандай?

 

         Қазіргі ғылым мен техника дамыған XXI ғасырда білектің күшіне емес,бастағы білімнің күшіне сенетін заман. Атамыз қазақ " досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды" демекші оқығаны, білгені, ойына түйгені мол адам болашақтың жарқын келбеті. 
         Дуние жузілік аренада, әсіресе, дамыған Еуропа елдерінде phd яғни, философиялық доктор атағы ең жоғарғы дәреже болып саналады. phd нақты бір мамандықты философиялық тұрғыдан түсіндіреді. Менін ойымша phd-дің басты міндеті әлемдік білім беру нарығындағы ғалымдармен бәсекеге түсе алатын білікті маман даярлау. Білікті маман болашақ кепілі демекші біздің еліміз сияқты жаңадан көркейіп келе жатқан елдер үшін  ел ертеңін ерекше етіп, болашағын нұрлы, әлемдік аренада өз деңгейін көтеру үшін сонымен қатар, әлемнің алпауыт елдерімен қорқпай бәсекеге түсе алатын жоғары білікті мамандарды даярлауда phd-дің алар орны маңызды болмақ. Бакалавриат дегеніміз- бір салының ірге тасы, бакалаврда сол үшін түрлі сабақтар оқытылады. Ал магистратурада ғылымның белгілі бір саласын алып, соның ішіндегі өзекті мәселелерге қатысты зерттеу жұмысын жүргізеді. Ал phd докторлар алған білімін тұжырымдап сол саладағы магистрлерді жетілдіре алатындай қабілетке ие болады. Жалпақ тілмен айтқанда белгілі бір мамандықтың жілігін шағып, майын ішкен білім мен біліктілікті қатар алып жүріп, болашақ маманға бағыт-бағдар көрсете алатындай дәрежеде болып, сол саланы әрі қарай дамыта алатын қабілетке ие болу деп түсінемін.

         Ертеде Аль-Фарабидан бір патша өз елінің болашағы туралы сұрағанда, Аль-Фараби, " сен алдымен жастарыңды көрсет, сонда елдің болашағын барлау қиынға соқпайды деген екен бабамыз. Расында қай кезеңде болмасын болашақтың қожасы жастар. Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Жігерлі қыз-жігіттеріміз елдің ертеңі, мемлекеттің тірегі. Сол себепті ел өркендеуі оқып, оны шынайы түрде жүзеге асырған азаматтардың ынта-жігерінде деп ойлаймын. Әрине бұл мақсаттарға жету жолында Phd-дің маңызы ереше болмақ.



Бөлісу: