Отандық автокөлік

Отандық автокөлік мәселесі ұзақ уақыт бойы талқыланып келеді. Нәтижесінде елімізде бірнеше түрлі автокөлік құрастыру қолға алынды. Шетелдік автокөлік компанияларымен бірлесе ашылған зауыттар бой көтеріп қарқынды түрде жұмыс атқаруда.

Алайда ұлттық брендтың жоқтығы күйзелтеді. Яғни қаражат түгелдей Қазақстанда қалса дұрыс болар еді. Отандық өндірушілер түгелдей шетелде өндірілген бөлшектерден құрайды-мыс. Қаншама игерілмеген мүмкіндіктер сол бөлшектердің өндірісімен бірге қалады.

Ұлттық марка болмаса да құрып кетпейміз ғой деуге де болады. Мсалдар жетіп жатыр: Туркия, Өзбекстан және т.б. Ол мемлекеттерді шетелдің маркаларын шығарады, бірақ тек құрау ғана емес толық автокөлікті шығару қамтылған.

Жалпы көліктердің статистикасына назар аударсақ, еліміздің жолдарында 4 млн. жуық көлік болса, соның 3млн. жуығы зауыттан 18-20 жыл бұрын шыққан екен. Сонда елімізде ескі автокөліктерді алуға құмар демесек те мәжбүр. Қымбат әрі сапасы нашар жаңа көлікті мінгенше сапалы әрі арзан ескі көлікті мінген кімге ұнамас. Сондағысы, отандық автокөліктердің қолдауы нашар болмақ. Сұраныс аз болса бұл сала дамымай қалады. Ескі көліктерді алуды жалғастыра береміз.

Мәселенің шешімі жалпы айтқанда анық. Мемлекеттің қолдауынсыз жаңа зауыттар салынбас, өндіріс ұлғаймас. 2014ж елімізді 50мыңнан астам көлік өндіріліпті. Қуантатындай сандар әрине, бірақ сол өндіріс шетелге тәуелді емес пе?

Жалпылап өтсек, жаңа бренд ашпасақ та қолымызда бар өндірісті ұлғайтып, сапалы етуіміз керек. Елімізге пайда әкелер бір шарты өндірістің отандық үлесін өсіру - түгелдей шикізатты ілімізден алу болмақ.

Қазақ елінің жарқын болашағына сенемін!



Бөлісу: