Теңіз емес, толқын сезім

Махаббатты өзенге, көлге емес, тек қана теңізге теңестіруге болады.Теңіз сияқты мұның да бетінде тулаған толқындар жүреді, түбінде ғажайып сырлы тереңдік жатады. 

Бір көргеннен ғашық болу деген сөз бейне бір толқын іспеттес, ол тән құмарлығынан туған жалт етпе сезім ғана.

Тән құмарлығы алдамшы, өткінші тұрақсыз сезім. Онда шынайы махаббатқа лайық тереңдік жоқ. Бір көргеннен ғашық болдым дегеннің өзі-ақ ол сезімнің таяздығын танытады. Теңізді бірінші рет көрген адам оның суының ащы не тұщы екенін, астында не бары бірден білмейді. Мұны теңізге түсіп көріп, түбіне талай сүңгіген адам ғана айта алады. Сол сияқты бір көргеннен адамның бойындағы барлық адамгершілік қасиеттерін аңғаруға болмайды. Оны анықтамай тұрып бір көргенне ғашық болдым дегенге сенудің орны жоқ. Олай деп оңай олжа тапқысы келген қу жігіттер мен шын сезімнен хабары жоқ жасөспірім қыздар ғана айтуы мүмкін. 



Бөлісу: