Өмір – күтпеген тосын сый!

Өмір – күтпеген тосын сый!

      Өмір, Ех Өмір шірін ғажап тіршілік қой! Бірде күлесің, бірде сүрінесің, құлайсың, шаттанасың, түсініксіз бір күйге енесің, кейде бақыттан басың айналады, ұрысасың, татуласасың, ғашық боласың, сүйесің, айрылысасың, қосыласың, ренжисің. Өмір бізге берілген құдды бір сынақ секілді, аяғыңды кішкене шалт бассаң өмірің құрдымға кетеді, сол себепті әр қадам, әр парақты байыппен, нақты шешім қабылдап басу керек. Кейде барлығы аяқ астынан болып қалады, күліп отырып жылап жібересің, жылап отырып, күліп жібересің, жүріп келе жатып құлай саласың, аяқ астынан ауыра саласың оған себептер де жетіп артылады. Кейде шын сүйеді деген адамыңның өзі бір сәтте ақ өзгеріп кетеді. Кейде қатты сенген адамың сені әп сәтте ақ (кәзіргі тілмен айтқанда) лақтырып кетеді, ал адал болып өмір сүрсең тағы болмайды, өйткені «қасқырдың аузы жесе де қан жемесе де қан» демекші кінәсізден кінәсіз өтірікші болып шыға келесің. Қазіргі заманда біреуге жақсылық жасасың, ол өзіңе соны жамандықпен қайтаратын болды.

      Кейбіреулер өздеріне қол жұмсап жатыр, кейбірі өзін құзға лақтырады, ал кейбірі өз өмірі үшін күресіп (өмір мен өлім арасында) жатады. Біреулер машинам жоқ, 3 этажды үйім жоқ, қымбат киімім жоқ, жоқ, жоқ, жоқ деп жылап жатса, басқа біреулер тым болмаса 1 бөлмелі үйім болса ғой, аяғым сау болғанда ғой өзім жүре алғанымда ғой деп армандайды. Бұл жерде айтарым қанағат керек, сабыр керек, төзім керек. Сол жағдайға түспес үшін бір Аллаға сиынып тәубе етіп, өзінің күшіне сеніп, қиындықтарды жеңе біліп, еңбек ету керек.

Өмір шытырман оқиғаларға, тосын сыйларға, қызықты оқиғаларға толы!

Сол өмірде барлықтарыңызға бақытты күндерді нәсіп етсін.  

Тек мынаны ұмытпағандарыңыз абзал!

Өмір Расында Күтпеген Тосын Сыйларға Толы!!!

Р/с:   Біз бақытты болу үшін, әрқашан күліп жүру үшін, бір жанның сүйіктісі, адал жары, келіні болу үшін, ата-анасының еркесі, қызығы болу үшін, сәби сүю үшін, ана, әке, ата, әже атану  үшін жаралған жандармыз. Бұның бәрі Алланың және өздеріңіздің қолдарыңызда!



Бөлісу: