Менің ой-пікірім

Менің ой-пікірім
жеке
блог

Менің ой-пікірім үшін сындырмақшы болдыңдар,
Бірақ мен сынбадым,бас тартпаймын деуден тынбадым.
Айтқандарыңды да тыңдадым
Қорқыттыңдар бірақ қыңбадым.
Сындырмайды сағымды ұрғаның,
Өзіме ұрсамын"Тұр қане!"

 

Мені ой-пікірім үшін аластаттыңдар елден,
Арандаттыңдар адамдарды артымнан енген.
Амал нешік, ешкім де мәңгі емес,
Күте тұрамын,жер кең!

 

Мен ой-пікірім үшін қарақшы атандырдыңдар,
Біреулер сенді,біреулер сенбеді...сенгендерің жөн бе еді!?
Сенімімнің қурап семгені,күмәнімнің жеңгені
Жұмыстан шығардың жеңгені, қызметтен алдың жездені
Бұл сенің жеңгенің,
Осылай болатынын сезгенмін!

 

Мен ой-пікірлерім,тудырады сұрақ,
Атамекеннен,жүрсем де жырақ.
Бәрібір айналады деген Галилео сияқты,
Бас тартсам ба екен пікірімнен бірақ...