Заманауи уақыттағы еліміздегі дәстүрлі музыка туралы

Музыка- әлемдік өнердің бір түрі. Орыс жазушысы Антон Чехов айтқандай «музыка әлемді жадыратады, әрбір тірі жанға шаттық, бақыт сыйлайды,қиял ғажайып әлемге самғауға көмектеседі». Сондықтан өмірде музыканы сүймейтін адам жоқ шығар. Адамдар ежелден қазірге дейін музыка арқылы өлеңнің әуенін, музыкалық инструменттерін өзгерте отырып жетті.

Қазақтар ежелден музыканы жақсы көрген. Оған домбыра, қыл-қобыз, сазсырнай,дабыл сияқты музыкалық инструменттері, Біржан сал, Құрманғазы сияқты күйші – әншілері дәлел бола алады. Құдай қазақтың жанына дүние есігін ашқан сәтінен бастап күйдің бір бөлшегін салған деген аңыз бар. Бәлкім, қазіргі кезде де музыканы жақсы көретініміз осы себептен болар.

Егер қазақтың бұрынғы музыкалық өмірі мен қазіргі таңдағы өмірін салыстырайық. Біріншіден, қазір елімізде батыс елдерінің музыкалық жанрлары көптеп кездеседі. Екіншіден, бұрынғы уақытта әндер мен өлеңдерді ұлттық музыкалық аспаптармен сүйемелдеп жазған, ал қазіргі кезде аспаптармен қоса, заманауи технологияның көмегімен жазылады. Үшіншіден, біздер музыканы тек қазақ тілінде тыңдамай, сонымен қатар өзге тілдерде де тыңдаймыз.  Төртіншіден, ежелде дәстүрлі әндер ғана болса, қазіргі кезде эстрадалық әндер де  кең қолданысқа ие.

Өкінішке орай, қазіргі таңда көптеген адамдар эстрадалық әндерді кең көлемде тыңдайды. Дәстүрлі әндерді көп жағдайда ересек және қарт адамдар тыңдайды. Экстрадалық әндер шоу бизнесте көп қаражат табады. Осы себептен, көптеген әншілер дәстүрліден экстрадалық түрге бет бұрды. Тағы бір мәселе, қазақстандықтар әртүрлі тілдегі әндерді тыңдайды. Әсіресе жасөспірімдер, жастар, тіпті балалар да. Кейбіреулер қазақ әндерін тыңдаудан қалып, ұнатпайтындары да бар. Дәстүрлі әндер жақсы жағынан тәрбиелеп, салт – дәстүрлерін, өздерінің тарихын ұмытпауға ықпалын тигізеді. Егер дәстүрлі музыкаларды тыңдауды тоқтатсақ, өзіміздің дәстүрлерімізді, өзіндік ерекшеліктерімізді ұмытып, оған қалай болса солай, салғырт, немқұрайлы қарайтын боламыз. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтқандай, «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең». Шыныменде, сәбиге жарық дүние есігін ашқан сәтінен бастап анасы « Бесік жыры» секілді өлеңдер айтады, ал адамдар қайтыс болғанда, жақын адамдары жер қойнауына «Жоқтау» әнімен шығарып салады. Бұл жерден музыканың адам өміріндегі маңыздылығын көре аламыз.

Қорыта келгенде, музыка - қазақ халқы үшін үлкен рөл ойнайды. Музыка өнері елімізде ежелгі кезден бастап осы күнге дейін сақталған. Және біздер оны келешек ұрпағымызға сақтауға міндеттіміз. Бұл сөз , өзге елдердің әндерін мүлдем тыңдамау керек деген сөз емес.  Өзге елдегі әндерді тыңдаған дұрыс,  ол адамның ой – өрісін кеңейтеді. Бірақ  өзіміздің дәстүр – тарихымызды, өзіміздің кім екенімізді ұмытпауымыз керек.



Бөлісу: