01.01.15

01.01.15
жеке
блог

Жаңа жыл түні шынында да сиқырлы! Әсіресе бойдақтар үшін. Сағат тілі он екіге тақала бере сиқырлы тылсым күшейе түседі. Ел басы құттықтауы, жүректен шыққан тілектер, сүйгеніңнің сыңғырлаған күлкісі, бокалдар сыңғыры сиқырдың шарықтау шегіне жеткенін білдіреді де ,кенеттен үзіледі...

Жаңа жылдың алғашқы секундтарымен бірге өмірдің зулап өтіп жатқандығы, міне тағы бір жылдың көзді ашып-жұмғанша өте шыққаны, өткен жыл өзінің жақсы-жамандығымен қайтып оралмайтындығы, сиқырдың күшін жоқ қылады!

Сиқырлы көңіл күйді шараптың күшімен оралтуға болады.Бірақ ол өткінші... Шарап уыты тараған соң жүректе бос кеңістік, Мида ойсыздық,ағзада у, асқазанда запрыран! Бәрінің де өтеуі бар...