«МЕН ӨМІРДІ ҚАЛАЙМЫН!»
блог
Адам – өз тағдырының иесі. Өмірге келген соң, алға қойған мақсатың жетілуді, көп күш жұмсап еңбек етуді талап етеді. Бала кезден мақсатыңның не туралы екенін анықтап алған жөн. Себебі, өз мақсатыңа жақындаған сайын жету жолы да қиындай түседі. Сол жолдан жалтармай, түзу бағыт табу да өз қолыңнан келмейтін іс емес. Түзу жолдан айырылып қалсаң, сұм дүние қайда апарары белгісіз, жұмбақ болып қалмақ... Сызат түскен сызықпен кете барсаң, уақыт өте келе жағымсыз есіммен көше жұртын шулатасың.
Адам өміріндегі маңызды бөлшек – денсаулық. «Дені саудың – жаны сау» демекші, қазіргі таңда көп толғанысты қажет ететін есірткі мәселесі де қоғамнан кетер емес. Қаншама елді елең еткізген оқиғаларды да көз көрмегенмен, құлақ естіп жүр. Ажалдың аузын айқара ашып, есірткінің құрығына байланғандарды өзіне қарай тартуда. Есірткіні қызығушылықпен тартып,соңында өкінетіндер жетерлік. Сол үшін бүгінгі замандастарыма айтарым: Ұрпақ аман болсын десек, сіз бен біз де өз болашағымызды ойлайық!
Ей, адамзат!
Ей, адамзат ішпесеңші арақты
Қай бабаң аузына алды шарапты?..
Болашақта жарқын болсын десеңіз
Саналы ұрпақ өсіріңіз талантты.
Сеземін, жастарымда иба барын
Есірткіге жоламас деп ұйғарамын.
Нашаға құрбан болған қандасымды
Көрген кезде қатты жылап қиналамын.
Есірткіге қызықпашы адамдар-ай
Бей-жай тұрасыңдар бұған қалай?
Дені саудың – жаны сау деген сөзді
Айтқан ділмар кешегі бабам қалай!