Бір сәт ойланыңыз.
- Балам-ау, не болды? Қорқынышты түс көрдің бе?
- Жоқ. Жақсы түс көрдім.
- Онда неге жылайсың?
- Ол орындалмайтын түс.
Аз сөз алтын... Жарайды мен-ақ кедей болайын.
- Қанша кітап оқыдың?
- Мен достарымды санамаймын.
Алғашқы махаббат алғашқы жауған қар секілді. Ерекше есте қалады, бірақ соңғысы емес.
-Түнгі қала қалай екен?
- Ұнамады. Тым жарық.
- Қалай сонда?
- Жұлдыздар қараңғыда анық көрінеді.
Мен өзімді Есілге ұқсатамын. Жалғыз!
- Әділдік қайда?
- Мен сенің ғажайыпқа сенетініңді білмейді екенмін.
Махаббат ол екі ғашық арасындағы сезім емес. Махаббат адамның жай-күйі.
- Есейген сайын Асан қайғыға ұқсап барамын.
- Нені іздеп, таба алмадың?
- Балалықты.
Жұмақта нан барма?