Бала тəрбиесі

Тəрбие -бесіктен басталады. 

Қателікті -айғаймен емес,ғибратты сөзбен жəне өзің үлгі бола білумен жөндеңіз. 

Бір қылықтың -əрі жаман, əрі жақсы жағы болуы мүмкін емес.

Балаңыздың досы болып, оны өте құрметтейтініңізді  сездіріп отырыңыз.

Шектен шыққан қаталдық та, шектен шыққан мейірімділік сияқты зиянын тигізеді .

Баланың сөздерінен гөрі істеріне көбірек мəн беру керек. 

Баладан өмірдің ащы шындығын жасырмаңыз. 

Баланың шалыс қылықтарын байқамағандай əрекет жасамаңыз. 

Əрбір ой-пікір сенім арқылы ғана келеді. 

Баланың көзінше өзгенің мінін айтпаңыз. 

Оның əрбір еркелік назын орындай бермеңіз. 

Балаға ешқашан өтірік айтпаңыз тіпті өтірік айтты деп кіналамаңыз да. 

Баланы өзгелерге көмектесуге үйретіңіз. 

Баланы сабырлы болуға үйретіңіз.

Баланың сағын ешқашан сындырмаңыз. 

 

 

Ақылды бала өсірсең "Əулетің абырой алар".

Тал шағында бүкпесең, таяқ шағында бүгілмес. 

Баланы адамдыққа, ғылым, білім жəне кәсіпке үйрету- əке үшін сол парыз. 

 

 



Бөлісу: