Арман алдамаса екен!
блог
Жұрналист- тілші.
Жұрналист деп атын атасақ болды шымырытпастан көз алдымызға желпең деп жүгіріп, өсек-аяңнан құр қалмаған , адуынды мінезі бар, таласы жер жыртқан, айқайы тас жарған ,жүгірте басып адымын, алқынып, жабысып, жалынып, жұрттың сырын әшкерейлеушіні елестетеріміз сөзсіз. жасырмаймын әрине, бұлда менің неше жылдың алдындағы тіс қақпаған жас ойымның бірі еді. Бірақ, арман да алдайды......
"Ойбай , жұрналист болмаймын !"-деп қос қолымды төбеме көтеруші едім, бірақ мына бір ауыз сөз мені түбегейлі өзгертті. "Сенің сұлулығың әдебиетте жатыр, таңда соны" - 17жылғы ғұмырымдағы естілген еш мақтау тең келмейтін сиқырлы сөз сынды жадымда сақталды. Айтқанға оңай әрине, түсіну қиын, осы сөзді бір сыншы кісінің ауызынан есту мен үшін тамшы тескен тастай ғажайыптан сан тармаққа ұшқан сергелдең қиялымды бір ұшқынға түйістірді. Ол кісіге деген ризашылығым үшін жүрегімдегі төрдің төрінен орын берер едім.
Ал, мен осы бағытты мақсат қылып, мақсатымды арман қылып теңізге шығатын қайығымды сан сайманмен саптадым, жолға шығады деп баптадым, салемдерді жалғадым.
Суға салем, арманыма шапшыма,
Желге салем, жолдарынан сен тоспа.
Жауынға салем, нөсеріңмен құлатпа,
Бұлтқа салем, шыжыған күннен сен сақта.
Ауаға салем, жаман деммен ластама,
Балық салем, көтеріңдер қайығымды.
Самғасын ,талмасын қанат қағып,
Қыран құстай аспанда.- Осылайша қайығым жұрналист кемесімен тоғысты.
Жұрналист- халықтың ол жүрегі, ақыл -ойдың терегі,
Жұрналист- халықтың ол ауызы, ашып айтқан дау-сырды.
Жұрналист- халықтың ол аяғы, ойқы жолдан таймады,
Жұрналист- халықтың ол қабағы, іреніш-ызасына қарады.
Жұрналист-халықтың ол таразысы, тепе-теңдікті сақтады,
Жұрналист-халықтың ол періштесі,жаман мен жақсыны анықтады.
Жұрналист-халықтың ол жәрдемшісі, көмек қолын аямады.
Жұрналист-халықтың ол нұры,жарқыратад өзіменен ғаламды.
Керемет болсаң ақ параққа сүтпен жазылған жазуды оқып көрші. Жо-жоқ, ол жұрналисттердің қолынан ғана келмек!