***

Түсінер кім мұңын қазақ халқының,
Қыл арқаннан дем жетпеген алқынып,
Байып кетіп, бәле болар деп янкилер,
Судан арзан болды қара алтының .

 Байқаусызда қолдан ұшқан құсым деп,
 Аю отыр мені дұрыс түсін  деп.
Қайта қолға қонасың ,амалың бар ма басқаша?
Деп оттайды сене ме қара күшіне!?


Айдақардың аузынан шыққан түтіні,
Тағдыр жазған бейшараларға үкімі,
Әне жейді, міне жейді,мүмкін жемес деп...
Отырған жай бар,қашып кетпесті күтініп.

Уәделермен,үркітулерге мынандай...
Үлкен бомбаны қолдан бердік шыдамай
Армияны да қысқарта салайық...
Тиіспейміз деп сөз берді ғой,құдай-ай...

Төтеп береміз болсақ бірге біз,
Берік болса сенімнен тұрған іргеміз.
 Ай қайдам, балық басынан шіриді...
Мисыз,қалды құр сүлдеміз...

 



Бөлісу: