Ой түзелсе, бой түзелер

Ой түзелсе, бой түзелер
жеке
блог

Бұл жазбаны жазуыма, Анардың «Өзіңмен алыс өлгенше...» жазбасы түрткі болды. Пікір ретінде жазайын дегем, көлемді болған соң блог етіп жариялауды жөн көрдім.

Жалы Анардың осы тектес жазбаларынан өзіме біраз сабақ алып келе жатырмын. Жақсы ой ойлау, күйінбеу, бақытты болу сынды мақсаттарымыздың бір болғандығынан да шығар. Бұл шешімге  2008 жылдары нақты кірісе бастадым. «Мұсылман болу әсте-әсте» демекші, ең бірінші киімдерден бастадым. Гардеробымдағы бүкіл қара түсті және оған жақын түстердің бәрінен құтылуға тырыстым. Оның орнын ақ және ашық түсті киімдермен жаңартып, тіпті қысты күні мандарин немесе шырша болып жүрген кездерім де болған. Бояушы бояушы дегенге сақалын бояса,  ал мен шашымды сарыға бояп тастадым. Боқтық, қарғыс, жаман сөздерді мүлде қолданбаймын деп сөз бердім. Бұрындары да айтпайтынмын негізі. Wink Күн шыққанда күліп оянып, жақсы нәрсені көруге тырысып бақтым. Соның әсері ме бұл күндері, достарым детский киінесің, аспан айналып жерге түсіп жатса да саған бәрібір, сенде жүрек жоқ па паникалатпайсың, бала сияқтысың деп мазақтап жатады. Мейлі, айтса айта берсін. Ең бастысы – бақыттымын! Әйтпесе бұрындары «ректор ауысады екен» деген сияқты жел сөзге, қазақ зиялыларының бір жиналысына қатысып қазақ тілінің бейшара тағдырына қорс-қорс жылап, етегімді жасқа толтырып, ұйқысыз өткен түндер де болған.  Бұлай жылап, жүйкемді жұқартқаннан ешнәрсе өзермейтінін түсіндім. Жүректі сақтау керек екен. :)


Әрине, әлем тек  жағымды жаңалықтардан құралмайды. Жақсысын да жаманын да ұсынады. Қайсысын көргіміз келеді соны көреміз. Мәселен мына суретке қараңыз. Не көрдіңіз? 



Сөз жоқ, бірінші қара нүктені байқаған боларсыз. Cool Алып кеңістікті алып жатқан аппақ түс неге елеусіз қалып қалды? Неге бір адамның жаман жағын байқап қалсақ, оның бүкіл жақсы қасиеттерін жоққа шығарамыз? Сонда жақсылықтан жамандықтың салмағы ауыр болғаны ма?   

Жағдайды ушықтырмау үшін өзіміздің тереземізден қарай бермей, өзгенің жағдайына кіріп көру керек шығар.

Сөздің әсері сіз ойлағаннан да күштірек. Аузыңыздан шыққан, ақылыңызға келген әрбір ой сіздің миыңызға жазылып отырады. Осылайша өзіңіздің миыңыз өзіңіз берген тапсырмаларды орындауға көшеді. Енді мұны тәжірибе жүзінде байқап көрелік.  Екі топқа бөлінген сөздерді жазамын. Осы сөздері оқи отыра, бойыңызда оянған сезімдерге назар аударыңыз.

  1. Ғашықтық, өмір, күлгін (розовый), мұхит, су, махаббат, бейбітшілік, туыс, бауыр, нан, ақ, аспан.
  2. Соғыс, өлім, Әзірейіл, қан, зұлымдық, зорлық, күш көрсету, жек көру, мәйіт, қара, түрме.

Бұл екі топтағы сөздердің қайсысын оқыған соң қандай сезім пайда болды? Яғни, жақсы ой ойлай бастағанда  сіздің дене мүшеңіз де физиологиялық реакция бере бастайды. Мәселен, жақсы бір нәрсені армандай бастағанда бақыт гормонын шығара бастайсыз. Сәйкесінше төменде тұрған көңіл-күйіңіз көтеріле бастайды. Ал керсінше, жаман нәрсені ойлай бастағанда көңіл-күйіңіз төмендеп, негативті эмоцияға жол беріп аласыз. Ми қиял мен шындықты ажырата алмайды. Сондықтан да ойлаған арман-тілектеріңіздің шындыққа айналуына тікелей адамның өзіне байланысты дейді психологтар.


Дүние менің қолымда болса, мына әлемді түрлі-түске бояп тастағым кеп тұрады. Хе-хе, Әлияның суреттерін де бояп тастағанымның бір сыры осында жатса керек. Tongue outБақытты болайық! Kiss

P.S: «Жақсы сөз –жарым ырыс», өзімізді тал бесіктен жер бесікке дейін тәрбиелеп өтуіміз керек.