Ой турасында...

Ой турасында...
жеке
блог

         Түпсіз терең ой... . Ия, ой да құдды бір магнит тәрізді, әрі ойдың белгілі бір кеңістігі болады. Егер ой жетегіне еретін болсаңыз, сіздің ойыңыз шарықтау шегіне жетіп, өз кеңістігіндегі бар нәрсені өзіне тартып алатыны хақ. Ойдың жұмысын былайынша суреттеп көрейікші: мысалға телемұнаралар белгілі бір кеңістікте белгі береді, осы белгілер күнделікті теледидардағы суретке айналады. Барлығыңыз бірдей ол жүйенің қалай жұмыс істейтінін білмесеңіз де, бірақ әр арнаның өзінің кеңістігі бар екенін білесіздер. Сол арқылы көңіліңіз қалаған кеңістіктегі керек арнаңызды қойып аласыз.            

     Мына сіздер – жер бетіндегі кез келген телемұнаралардан асып түсесіздер. Себебі, ойыңыз ғаламат жүйрік. Сіз осы ойыңыз арқылы өзіңіздің өміріңізді, өзіңіздің әлеміңізді жасап алуға ықпал етесіз. Ойыңыз арқылы берілетін суреттер, бұл – теледидардағы суреттер емес, бұл – сіздің өміріңіздің суреттері. Сіздің ойыңыз белгілі бір кеңістік қалыптастырып, осы кеңістікте өзіне қажеттің бәрін алып, сіздің өміріңіздің бейнесі болып өзіңізге қайта оралады. Егер өміріңізді өзгерткіңіз келсе: жай ғана ойыңызды өзгертіп, басқа кеңістіктегі басқа арнаға ауыстыра салыңыз...