Ой түбіндегі үш сұрақ

Ассалаумағалейкум құрметті оқырман! Өздеріңіз білетіндей қазіргі заман - әлеуметтік технологиялардың қарқынды дамып, адамзаттың жаһандану процесіне өту заманы. Алайда қазіргі таңда жаһандану процесімен қатар ақшаның рөлі де қазіргі адамдардың тұрмысында артып халқымыздың тілін, дінін тіпті ділін әлсіретті. Ақпараттық жүйеден басқа еліміздің көптеген салаларында мемлекеттік тілдің айтарлықтай дамымағаны айдан анық. Ислам дінінің көптеген ағымдары елімізке келіп жастарымызды адастыруда. Сонымен қатар жесірін ұзатпаған, жетімін жылатпаған халықтың соңғы жылдары балалар үйі мен қарттар үйінің саны артпаса азаяр емес. Осыдан басты толғандыратын басты мәселе болашақта қазақ халқы ұлт ретінде қандай болмақ немесе ежелден ата-бабамыз қан төккен тәуелсіздіктің құны осы болғаны ма? 
Соңғы кездері өкінішке орай, мұнайдың бағасы түсіп, батыс елдерінің Ресейге әкелген ықпалы бізге де кері әсерін тигізуде. Соның салдарынан еліміздің экономикасы әлсіреп, мемлекетіміз алдағы екі-үш жылда барынша үнемдеу режиміне көшуде. Төл теңгеміздің де жағдайы да ауырлады. Алайда бұл жерде үрей тудыратын мәселе дағдарысты жеңу үшін еліміздің тұтастай біріге ала ма? 
Мұхтар Шаханов атамыз айтқандай батыстың цивилизациясын аламыз деп канализациясына түсіп кетпеңдер демекші, батыс технологияларын қолданып өзіміздің тарихымызды, яғни, кім екенімізді ұмытпағанымыз абзал. Өкінішке орай батыстың дамыған үздік технологиясымен қатар елімізге батыстың кемшіліктері де келіп кері әсерін тигізуде. Осыдан туатын басты сұрақ: біз таңдаған бағыт дұрыс па?


Бөлісу: