Сәлем, Массагет әлем! Университетте ұстазымыз "Біреу сіздерге 1-2 жыл сүйікті ісіңізбен айналыс, мамандығың бойынша емес деп қомақты қаржы берді. Сіздер ол қаржыны қайда жұмсар едіңіздер?" деп сұрақ қойды... Топтастарымызбен ойландық та қалдық. Шынымен де не нәрсеге жұмсар ек?..
Өз басым сол қомақты қаржыға ата-анама дүкен ашып беріп, өзім шығармашылық ізденіске түсер ме ем... Ақыры 1-2 жыл мамандығыма жоламау керек екенмін.Радио, теле бағдарламалар ойлап тауып, оларды пісірер ме едім, жетілдірер ме едім... Кітаптан кітап қоймай оқыр ма ем... Көптеген өлең жазар ма ем. Жаным тыныш. Әйтеуір тыныштық... Бұл өз ойым.
Ал, сіздер ше? Сіздердің жүрек қалауларыңыз не? Бөлісе отырыңыздар!