Ой орамдары
блог
Кейде адамдар қолынан келсе де көмектескісі келмейді, әлде біз оларды түсінбейміз бе?...
***
Бір ауыз сөздің құдіреті - менің бүкіл өмірімді өзгертуге септігін тигізе алады.
***
Көбіне-көп жанымызда жүрген жандардың қадіріне жете алмаймыз...Елеусіз қалып қоятын сәттері көп болады...
***
Кей кезде Құдай жоқ па деп қаламын...Адамның өзі Құдай болып кеткен секілді...
***
Бойыңда болса санасыздық,
Тұрады сені бағасыз ғып.
***
Көрінем деп жағымды,
Ұшырып алма бағыңды.
***
Кей сәттерде пысық жандарды ұната бермейміз, бірақ қазір мойындағыңыз келмей отырғаны рас...
***
Ұмытып ана тіліңді,
Болмай-ақ қой білімді.
***
Көбелектің кейбір түрлері бір-ақ күн өмір сүреді, сол уақыт аралығында бәріне үлгерер...Уақыт кейде өтпестей көрінгенмен, біздің өмір де дәл осылай...
***
Қиын екен ғаламда мынау,
Бәрінен де адамға ұнау.
***
Көңілің ештеңеге толмаса,
Өткізген күндерің де далбаса.
***
Қызығып кетіп көркіне,
Ілігіп қалма бөркіне.
***
Жаманға еріп,
Кеудеңді керіп.
Жүрмегін бір күні,
Өзіңнен жеріп.
***
Шындықты көрмеу,
Әділдікті жерлеу.
***
Дүниеде ең нәзік деп – адамның көңілін айтар едім...