ой

ой
жеке
блог

сөнбес сезім бе екен,

көрмес көзім бе екен.

сенімен қоштасым,

 кінә өзімде екен. Әркім өз жолымен жылжып,бағытын бетке алуда. мен сапарға шыққанда жаңбыр жауады немесе бұршақ жауады. Осы жолдардың маңыздысы махаббат жолы. Жай кезде жанымды жая салғанда сөз ағылады ау көмейден, сезім ұялап сездіруге бара жатсам жаңбыр жауда немесе бұршақ жауады. Қысылам. Бір қыздың былығы мені ару атаулыдан алыстатты. Ешкімге ерекше көзбен қарауға ниет таппаймын.  Бауыр басқанда бұлт пен шыңнын құштарлығындай болып ед, қоштасқан бір қыбырғамды жұлып алғандай әсер болды. Келмеген еді,бірақ көзден тамшы ырықсыз ыршыды. Ішімнен сезіп те тұрмын, бұл дәурен өтеді, басқа күн туады осы күнді күле есіңе аларсын деп бір медетім сендіруде. Алайда аңқау аңғал мінезім талайдың оң жанбасына келген сияқты. Содан болар сұлуларға сенуден қалдым. Мен әлсіз емеспін, бірақ шын сезімге шан түсірмейтін,ата-анадан асыл туған арудын өмірі үшін жігерімді аямас ем. Айтуға ыңғайсыз,дегенмен ішкі дүниемнің дуалына сүйенген осы сезімді айтпасамда болмас. Баршаңыздан ірі өтініш күнәдән таза жандар, Байжанның асыл арманы орындалып, бір бұрымдыға кез келтір деп Алладан сұрап қойындаршы. Көп түкірсек көл ғой, түкірмендер пайда жоқ, тек тілесендер болғаны. Ізгі ілтипатпен: ең жақсы Адам