Ой

Ой
жеке
блог

Кейде тыныштыққа кетіп, өз ішкі ойларыммен сырласамын. Менің ойларым бақытқа жеткізбесін түсінсем де, осыншама ойлардан арылу мүмкін де емес. Мұнша ойлардың барлығы күнделікті өтіп жатырған оқиғалармен тікелей байланысты. Күні бойы өткен істерді саралап, ой тізбегінен өткіземін. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенінің аражігін ақтарып, саралаймын. Шешілмеген көптеген сұрақтарға жауап іздеймін. Қанша адам болса, сонша ой болады. Біреулері тек қана жақсы ойларды ойлап жүретін болса, кейбіреулері жаман ой ойлайды. Жақсы ой ойлайтын адам жақсылық жасауға жаны құмар, қолдан келер көмегін беруге таянбайтын жан. Ал жаман ой ойлайтын адам, ол - қазіргі әлемде болып жатырған түрлі зұмдылықтың, қатыгездіктін себепкерлері деп түсінемін.

Адам қалай ойласа, солай әрекет етеді. Ең алдымен әрекет етпес бұрын бұл жасайтыным дұрыс па? кейін өкінбеймін бе? деп ойлайсың. Содан кейін ғана әрекетке қадам басасың. Менің ойымда үнемі жүретін бір ғана сұрақ бар. Неге адамдар осыншама қатал? Неге әлемде осыншама зұлымдық басым? Неге баяғы мейірбан жандар лезде тасжүрек жандарға айналып кетті? Ешкім ешкімнің де көңілін елемей қалып жатады. Бұрынғы кезде барлығы біреуге сөз айтпас бұрын ақылмен ойланып білген. Барлығы бірдей дей алмаймын да. Себебі бес саусақ бірдей емес. Бірақ сол қатыгез адамдардың жанында мейірбан жандар көрінбей де қалып кетеді. Мен де күндердің бір күнінде сұрақтарыма лайықты жауап аламын деп сенемін.

 

                                                                          Нысанбаева Аружан

                                                                           9-сынып оқушысы