Ой

Ой
жеке
блог
Ой
 
Шабыт ығысса ырқыма менің,
Шабысын алам - жыр Құлагердің.
Ақынын сыйлар қазағым бар да,
Қалайша артпайм жұртыма сенім?!
 
Қазағым менің - дархан халықсың!
Толағай - өзің! Заңғар! Алыпсың!
Өне бойымда жалын-от бар да,
Өзіңнен ұлың,қалай жалықсын?!
 
Жалықпайм əсте,қамығам кейде,
Егерде түссем шарасыз күйге...
«Не жасадың сен - Отаның үшін?!»
Дегендей сұрақ болмаса үйде.
 
Сұрапыл тағдыр басқа бермесін!
(Алжыған шалдың қасқа термесін)
«Темірді үзер тебісім» бар да,
Жемісім тиер! Саспа,жерлесім!
 
Болашақ бізде,жастарда елдің!
Жауабын алар Махшарда - Жердің!
«Иманды ер» боп,елдің - тағдырын,
Келеді менің жақсарта бергім!
...Келеді менің жақсарта бергім!
 
Нақпаев Аян             02:40    
 
  07.02.2015 жыл - Ақтау қаласы