Адам болып келген соң , адам болып кету керек қой. Біз бәріміз, техника болып кеткенбіз бе? Түйіп алып ішке, бәрі жақсы, керемет күй жасап жүре береміз, жүре береміз. Қазіргі адамдарда сезім жоқ, сезіну жоқ. Түсіну жоқ. Қалып қоймау керек. Үлгеру керек.Жүгіріс, әйтеуір бір тынбайтын жүгіріс.
Мынадай жағдай таныс бәрімізге: әйелі кешке жұмыстан келсе, күйеуі кетіп жатат жұмысқа. Таңертең баланы мектепке апару үшін, әйелі баланы, автобуста береді күйеуіне. Күйеуі жұмыстан шығып, баласын автобуста әйелінен алып, мектепке апарады. Әйел жұмысқа асығады, қайда жүрсің, кешігетін болдым деп, қабақшытып. Кешке келет жұмыстан, күйеу кетет жұмысқа. Күнде осы. Не өмір бұл?! Екеуі айында бір-ақ рет үйде бірге болады екен. Жылында 12 рет! Міне өмір. Біздің елде, әлеуметтік теңсіздік бар. Билік, заң жоғары санатқа арналған. Теледидардан, көкіп, сексен мың теңге ,бір күнде ұстайтын ақша дейтіндер де бар. Біздің өмір, өмір емес пе деп қалам кейде. Бір көкеміз , былай деді: елімізде ең аз жалақы көрсеткіші айына жүз мың теңге деп. Көкеміздің кіммен сұрағаны қайдам, жанында отыратындардан , қанша аласың айына деп, жасаған тұжырымдамасы шығар. Халықтың жағдайын көтеру керек. Сіз не ойлайсыз?