Ой №**1

Ой №**1
жеке
блог
Анам "Көз жасың топыраққа тимесін " деп кейійтін.
Көп тыйымның бірі боп көрінетін алғашқыда .
Адам боп жаралғаннан құлап ,сүрініп ,дәм
татып,өнім өсіріп, ыстығына аунап,суына малынып,
иісіне  тұншығып келген қара топырақтың құдіреті
- сенің өмірлік  куәгерің болуында болар. Қыста
жауған ақ қарды да сол болмаса көре алмас,ұстай
алмас па едім. Мүмкін... Аспанға мені ғашық
қылған қара жер секілді. Сапарым біткенде сол
сәттердің бәрін , "өмірді"  жер астында көтеріп
жататындығым ойыма келді. Мүмкін мұның
бәрінен ауыры қара жерді құшақтап қалған кездер
мен көз жасыңды ,уайым-қайғыңды көтеру  болар.
Жер бетіне сыймаған мұңы бар әркімнің . Оның
жер астына да сыймасы мәлім ғой. Білмеймін.
Білу үшін  жерге сіңіп жоқ болудың қажеті де жоқ
шығар. Бұған менің миымда  жүрегім де жетпейді.
Тек тілім жеткенді жазып отырмын. Жалпы көз
жасыңыз  өзіңіз үшін ауыр ма?