Отшашу

Отшашу
жеке
блог

Кешегі мейраммен мені құттықтаушылардан гөрі вк, фб, skype, whatsApp және телефонмен жазысып, хабарласқандардың сұрайтыны "Шеруге шықтың ба? Телевизордан сұмдық қып көрсетіп жатыр ғой" болды.

Әрине, ол шеруге бізді жібермейді, біз түгіл орыстардың өздері де кіре алмады. Тек шақыру билеті бар "тұлғалар" ғана бар қызықтың "көкесін" көрді.

Ал, Біз, яғни студент, оқушы, балабақшаға баратын бала былай тұрғанда, зейнеткер жасындағы әйел-ері бар, бір сөзбен айтқанда бүкіл халық кешкі сағат 22:00 болатын отшашуды тамашалайтынымызға кәміл сендік.

Кешкі сегіздер шамасында, баяғы өзімнің қара домалақ қазақтарыммен қаланың үстінен қарайтын, биікте орналасқан алаңқайға бет алдық. Адам өөөте көп. Әрең дегенде орын тауып, жайғасып болғанша 50 минут уақытымыз кетті.

)))

Енді қалған 10 минутты көгалда суретке түсумен өткіздік. 21:58-де қаланың бір түпкірінен екі рет жалт-жұлт еткен, болар болмас отшашу көрінді. "Что это?" деген сұрақпен бәрі сағаттарына үңілді. Әлі екі минуттың барына көзі жеткеннен кейін, беттеріне күлкі үйірілді.

Уақыт болды!!! сонша уақытызды бөліп келгенде, күткеніміз екі есе орындалды десе де болады!

10 минутқа созылған отшашудан алған әсер өөөөөте керемет!!! Сол әсерді Сіздермен  бөліскен жөн деп шештім. Төмендегі сілтемеден отшашудан үзіндіні тамашалай аласыздар (видео енгізу мен үшін қиын болып кетті))), сондықтан бары осы).

 https://www.dropbox.com/s/cwvey9w80zjntt7/MVI_7943.MOV