Өтіріктің де пайдасы бола ма деп аң-таң боп, тақырып таппай не болса соны жаза беретін болыпты деп ішіңізден күбірлеп отырған боларсыз...
Мен өз басымнан өткен қызықты оқиғаны массагеттіктермен бөлісуді жөн көрдім. Қазақ ұлттық университетінің қара шаңырағының, журналистика факультетінің 2-курс студентімін.Былтыр осы уақытта арқа-жарқа болып көп нәрсені түсінбейтінмін.Болып жатқан мерекелік іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарды қалт жібермейтін біздің факультет 1-курстарды анда-мында апаратын.Қатал деген ұстаздарымыз да баршылық.Кейбіреулері жүздері суық болғанымен жүрегі жұмсақ, көреген, көп оқығандары сөйлеген сөздерінен байқалып жатты.Ал, биыл ше?...
Биыл былтыр дәріс бермеген біршама ұстаздар...Жүздері таныс болғанымен тілдеспеген мұғалімдер...Сондай бір сабақтың қатарына Бақ дизайны бейнелеу және шығару деген пән кірді.Осы сабақ болатын алғашқы күні кластерде бір топ студент боп мұғалімді күтіп отырған едік, аудиторияға қара торы, көзілдірікті, еңгезердей біреу кіріп келді.Сөйтсек, ол кісі Қойшыбек Мүбарак деген ағай екен.Тіл қатпай тұрып мен ол кісіні өте қатал ұстаз-ау деген ойда қалдым...Студенттерге өзін таныстырудағы байыптылығына қарап, бұл ойым қапелімде теріске шықты.
Содан әр студентті жеке-жеке қасына шақырып алып: «Ал, жазғы демалыстарыңда қандай әдеби кітап оқыдыңдар»,- деп сұрақ үстіне сұрақ жаудырды.Тосыннан қойылған сұраққа біреуі тұщымды жауап қатса, енді бірі абдырап 3 ай бойы бір кітап бетін парақтамағанын айтуға намыстанып абдырап жатты.Кезек маған келді. Өзгеден қашанда ерек болуды қалайтынымды жасырмаймын.Мектеп бағдарламасындағы Б.Соқпақпаевтың: «Менің атым-Қожасын», М.Әуезовтың: «Абай жолы»эпопеясын, Ғабит Мүсіреповтің: «Ұлпанын», Б.Майлиннің : «Шұғаның белгісін» оқығанмын, деп сайрап тұрғанымда...
- Жоо-оо-оқ, мектептен тыс, соңғы оқығандарыңды айт!,- деп үн қатты.
-Мен жазғы демалысымда Құдиярбек Ағыбаевтың: «Үзілмеген умітін», М.Мағауиннің «Шақан-шерін», Ә.Нұршайықовтың: «Мәңгілік махаббат жырын», Ә.Әлімжановтың : «Көгілдір тауларын», Ш.Мұртазаның: «Қызыл жебесін», О.Бөкейдің: «Жетім ботасын», оқыдым дедім де, кібіртіктеп тұрып қалдым.Оқығандарым осы ғана кібіртіктемегенде қайтейін?Ағай өзгелерден көбірек әдеби шығармаларды тізбектеуде басым түскенімді біліп, енді біреуін айт, «7» деген киелі санға толтыр қарағым демесі бар ма?! Осындайда, дебатқа қатысып, оратор болып сөйлеп, машықтанғанның бір жаман жері, "әйтеуір жеңілмеймін" деп, лезде ойыңа не келсе, соны бірден айта саласың!
«Сасқан үйрек артымен жүзеді» демекші, мен де шімірікпестен:
-«Ағай, мен соңғы кездері, "Алаш зиялылары" туралы зерттеп жүрмін! ,- дедім бетім бүлк етпестен.
-Ағай солаааайма?,- деп тамсана қарады.Әлде соңғы айтқанымның шындыққа жанаспайтынын сезіп қойды ма кім білсін?!
-Жұлдыз, келесі сабаққа Тұрсын Жұртбайдың: «Ұраным-Алаш» деген кітабын оқып кел, кез келген жерінен сұрақ қоямын, жауап таба білетін бол, ақыры зерттеп жүрсең!,- деді.
-Мен басымды изеп, ендігі сабаққа зор дайындықпен келетінімді айттым.Сөйтіп, сабақ бітті.
Ар азабымен өмір сүру оңай ма? Бір рет өтірік айтқаным сол-ақ екен, өз-өзімді жегідей жеп әлгі Т.Жұртбайдың кітабын қашан қолыма түсірмейінше байыз таппаймын ғой енді. Дереу кітапханаға барып кітапты сұрап едім, кітапханашы тәтей 1 емес 3 томын бір-ақ берді. Ал, ендігі жағдайым тіпті қиын, кітап бетін парақтап бір шолып шықсам тілі-ауыр, тым күрделі.Содан 3 том кітабымды құшақтап жатақханаға келдім.Талап қойылғасын, мойныма зіл батпан жүкті өзім артқан соң, не жемісін, не ащы болса да, жеңілістің дәмін татуым керек қой. Күндіз бас алмай оқып, ал түнде жарғанаттай қақиып, ұйқы қысқанында қамсынбадым.Тіпті, жарықты өшірмей бөлмелес қыздарға да тыныш ұйқы бермедім.Қайтсемде, кітаптың соңын оқып, ағайдың алдында еңсемді тік көтеріп сабақ айтуды басты «принципім» деп санадым.
Күн өтті.Әдеттегідей, Қойшыбек ағайдың сабағы.Талай күн бекер оқығаным жоқ қой! Маңдайдан аққан тер өз жемісін берді тәубә!Кітаптан біліп-түйгенімді әдеби тілмен емін еркін жеткіздім.Ағай да риза болған киіппен сөз бастағанымнан, тоқтағанымша құлақ салып тыңдаумен болды.Сөйтіп, бұл ағайдың сабағынан ең жоғарғы баллды қанжығама байладым.
PS: Сөз соңында айтарым:өзімді мақтаныш үшін жарнамалап, болмаса, біреуге ақыл айтып данышпан болып отқаным жоқ!
Ойға түйгенім: дейді келсе, өзіңе пайда, өзгеге кесел әкелмейтін өтірік болса анда-санда айтып тұрған жақсы екен))).Әзірге осы...