Позитивті адам деп біз әрқашан өмірге деген көзқарасы түзу адамды айтамыз. Алайда, кей жандар позитив сөзінің түп мағынасын толық түсінбей, оны әрқашан езуінен күлкі кетпейтін қасиетпен шатастырып, өтірік күлудің қас шебері бола шығады. Кей адамдарға айналадағы мұндай ретсіздік жүйке тозуына алып келеді. Мектеп қабырғасында да кей жасы келген мұғалімдеріміз оқушылардың бейбірекет күлкісіне жүйкелерін жұқартып, кей сәттерде дауыс көтеріп жатады. Осындай жағдайдан кейін ата-ана мен ұстаз арасында бала үшін келіспеушіліктер туындап жатады.Бұл біздің қоғамға тигізер залалымыз да шығар. Сол себептен де, орны жоқ нәрсеге күле шықпай, мәнді сөздің мағынасына жымиған да дұрыс шығар. Болатын нәрсеге де, болмайтын нәрсеге де тонымызды ала жүгіретін шақта бұл қасиет көбімізге серік болып алғандай.
Қоғамдағы қисынсыз күлкінің шеберлеріне сіздің көзқарасыңыз қандай?