Өтінішім бар...

Өтінішім бар...
жеке
блог

Достар, науқас сәбиді көргенде жүрегі ауырмайтын адам жоқ шығар. Сәбилердің өмірдің қызығын көрмей жатып, ауруға шалдығып, асыр салып ойнаудың орнына ауыртпалықты сезініп, айқайлап жылауы менің жаныма қатты батады. Ертелі Айланның суретіне қараған сайын көзімнен үзіліп тоқтаусыз жас төгіліп жатыр. Оның өңеші бітеу болып туылған. Өздігімен ас қабылдай алмайды. Біз қалай болғанда да бейкүнә сәбиге көмек бергіміз келді. Қолымыздан келгені қайырымдылық концертін ұйымдастырып, жиналған қаржыны түгел Айланның еміне жұмсау...

Осы концертке билет алып, келіп Айланды көріп, бір жағынан сенбінің кешінде әсем әндер тыңдап демалып кетсеңіз, сіздің көмегіңіз сол болар еді...

Менің қазір бар арманым Айланның аяғынан тұрып, өздігінен ас ішіп, өзге балалар секілді жүгіріп кеткені болып тұр... Өтінемін, менің өтінішімді жерге тастамаңыздаршы! Балапанның қыл үстінде тұрған тағдырына бірге араша болайықшы! Бұл өмірде ешкім тағдыр ауыртпалығынан  сақтандырылмаған! Ұлы Аллаһтың сауабы тиер!

Концертке билет алу үшін  87078178505 нөміріне хабарласыңыздар! Мұнымды жарнамаға балаудың қажеті жоқ, сіздерден өтінемін!