Өткір тілді наркескен РИНАТ ЗАИТОВ не деді? Қанат Мырзаханның да ойы ұшқыр екен....

Өткір тілді наркескен РИНАТ ЗАИТОВ не деді? Қанат Мырзаханның да ойы ұшқыр екен....
жеке
блог

Айтыстағы бір қайырым, Ринат Зайтов

...Кең байтақ жерден не пайда,
Оны да біреу жауласа.
Баспанасы жоқ қазағым,
Бір үйін өзі салмаса.
Атамекеннен не пайда,
Келімсек келіп жалмаса,
Шетелден келген қандасың,
Азамат бола алмаса.
Байқоңырыңнан не пайда,
Тізгінін Ресей ұстаса,
Он бес жыл бойы бір қазақ,
Ғарышқа қарай ұшпаса.
Депутаттардан не пайда,
Көңлінен жұрттың шықпаса,
Парламентке барып ап,
Қорылдап тұрып ұйықтаса.
Парламентіңнен не пайда,
Елім деп ерің сыймаса,
Бекболат. Мұхтар, Тоқтарға,
Үш орындығын қимаса.
Әкімдеріңнен не пайда,
Қарындары бір тоймаса.
Тендрден тиын жымқырып,
Баюды ғана ойласа.
Патша болғанан не пайда,
Жанына жемқор жинаса,
Қыз, күйеу, құда баланың,
Басбұзарлығын тимаса.
Телеарналардан не пайда,
Қазақша хабар бермесе,
Тым болмаса айтысын,
Қызықтап жұртым көрмесе.
Айтыстан мынау не пайда,
Разы боп халқым қайтпаса.
Біздерден мынау не пайда,
Шыңғыртып шындық айтпаса.

 

Ал, мына жолдарға қалай қарайсыз?

Қанат Мырзахан:

Бүгінде Абылайдың жолын жалғап,
Нұр ағам алға қарай басқан қадам.
Мыңмен жалғыз алысты елбасымыз,
Қырандай биік самғап көп қарғадан.
Себебі, маңайында уәзірлер көп,
Халқы үшін қуанып, шаттанбаған.
Бар Алаштың бағы үшін терін төкпей,
Қара бастың қамы үшін «аттандаған».
Бұл күнде біз білетін уәзірлер көп,
Ел менен елбасын қатты алдаған.
Апыр-ай, мына заман – қандай заман,
Соқыр көзден ыстық жас аққан заман.
Қабанбайлар кейпіне еніп алып,
Арам байлар орденді таққан заман.
Дауылпаз Бұхарлардың орынында,
Жағымпаз жақыбайлар отқан заман.
Төлелердің орнына жайғасып ап,
Төрелер елді тонап жатқан заман.
«Ел қорғайм» деп шен алып, шекпен киген,
Генералдар өз-өзін атқан заман.
Әкімдер қылмыс жасап шетел асып,
Сенім артқан ел-жұртын сатқан заман.
Шындық іздеп шыңғырған адамдарды,
Тоғытып темір торға жапқан заман.
Ей, қазан аттар қазыққа шырматылып,
Шабан аттар шалқақтап шапқан заман.