Өткінші жаңбыр
жеке
блог
блог
Біртүрлі бұлт,аспанда жалғыз түнеріп,
Жасындай жанның,үзілген бәрінен күдері.
Асықпай тамып,шаң менен бетке тамшылар,
Айғыздап жерді, шаңын баспай жер мен жүректің
Өткінші жауын,желменен кетті, үдеріп!
Құмары қанбай, шөлдеген жер мен жанымның,
Сорғалап судан, жауынға келіп еді, малынғым.
Өткінші жауын,тұп-тура әйел махаббатындай,
Зулаған желдің,көлігіне кетті отырып
Кете бер тастап,келмейді менің жалынғым...