Өткенге саяхат

 Менің ойымша, әрбір білімді азамат барлық ғылым салаларын жетік біліп, оларды сүйіп, сүйсіне оқуы қажет. Менің мектепте сүйіп оқитын пәндерім қазақ тілі, математика, ағылшын тілі, орыс тілі, "физика". Қазақ тілі менің ана тілім және біздің мемлекетіміздің ұлттық тілі. Өйткені Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. Мен өзімнің, туған тілімнің мәртебе алып, мемлекеттік тіл болып жарияланғанына өте қуаныштымын. Қазақстандағы барлық телебағдарламалардың қазақ тіліне аударылып, көрсетіліп жатқандығы да біз үшін үлкен мәртебе. Менің өзімнің әдебиет сабағынан аларым көп. Ондағы қазақтың небір ұлы ақын–жазушыларының өмірбаянымен танысқанда көзіме еріксіз жас келеді. Әдебиет пәнін оқу арқылы, келер ұрпақ біздердің осындағы ақын-жазушы аталарымыздан алар үлгі-өнегеміз мол. Әрбір қазақ азаматы өз елінің тарихын білуі шарт. Бүгінде, орыс тілі мен ағылшын тілі халықаралық тіл болып саналады. Қазіргі таңда, орыс тілі мен ағылшын тілі көптеген мектеп, колледждерде қазақ тілімен қатар жүреді десек те қателеспейміз. Өйткені тек қазақ тілімен шектелу (қанша ұлтжанды болсақ та), менің ойымша, дұрыс емес. Қазіргі барлық саланың дамып жатқан уақытында, біз, қазақ халқы жан-жақты болғанымыз дұрыс қой. Біз қонақжай халықпыз, сол себептен де елімізге қай ұлт өкілі келсе де емін – еркін сөйлесе білуіміз керек. P.S. мектеп кездерінде жазғанмын. Және де физика пәнін жек коретінмін.



Бөлісу: