Өткен күннің елесі әлі есім де!

Өткен күннің елесі әлі есім де!
жеке
блог

Күз болса сағыныш дертінің қозатыны несі екен?Өткен күннің елесі әлі есім де.Мен өз жүрегімдегі сезімнің махаббат па әлде сағынышпа екенін білмейтінмін.Ойымда қашаннан бері сол бір жанға хат жазу жүргенімен жүрексінетінмін.Күздің әсері ме?білмедім әйтөгір  бүгін сол істі нақты қолға алмақ болдып шештім де хатты былай бастадым;

-Бұл хат кеше ойланып,бүгін жаза салынған хат емес.Неше рет жазылып,қаншама рет жыртылған.Сізді ойлап көз іле алмаған талай ұйқысыз түндер.Арман жетегіндегі кездесулер,бақытты шақтар.Сіз менің қиялымдағы ең жақын адамымсыз .Жүректен жететін нәзік үнге құлақ тосып көрген де жадыңызда өрнектелген аяулы сезімге деген құштарлығыңыз арта түсетіндей.Шіркін ай деп армандап жүргеніме де көп уақыт болыпты.Сіз бен менің арамыз да  аспан мен жердей үлкен айырмашылық барын жақсы білемін.Сізбен кездесіп бар арманымды айтқым ақ келеді.Бірақ менің түсінгенім өмір таусылмайтын бірақтардан тұрады екен.

-Біреу түсінер,енді бірі түсінбес. Алайда жігерленіп жазған хатымды жіберуге дәрменім жетпей,үстел үстіне қоя салдым.Хатты кезектегі дей жыртпадым да тек ол жанды іштей жаным да мәңгі сақтап қалатынымды сездім.