Израильдің 9-шы президенті Шимон Перестің Украина астанасы Киевте өткен Ялта Еуропалық Cтратегиясы форумында сөйлеген сөзі бүкіл әлем жұртшылғын таңдай қақтырды.
Барлық адамда өте көп мүмкіндік бар.Бірақ олар кішкене жалқаулау.Егер мақсатқа жеткіңіз келсе,аянбай тер төгіңіз.Аспаннан ештеңе түспейді. Біз Изарильде көп жұмыс істедік. Бұның не зияны бар? Білмеймін... Адамдар мерзімдік демалысқа шығып жатады.Меніңше, бұл-уақытты босқа өткізу.Мен 90-жасқа келдім,бірақ ешақашан демалыс алаған емеспін.Маған:"Сенің есің дұрыспа?Қалай демалмайсың?",-деп сұрақ қойып жатады. Ал мен жұмыс істегенді дұрыс көремін.Жұмыстан ләззәт аламын.
Айтарым-ғылымның жолымен жүру керек.Ғылымның шегі жоқ,ал шектелген ғылымда рефлекс болмайды.Бұрыңғының мәселелерін шешуге тырыспаңыз,бұл мүмкінбе тіпті білмеймін.Өткен күн бүгін ешқандай рөл ойнамайды.Оған тек, ескі қателіктерді қайталамас үшін ғана қарайлаған дұрыс.Өткен күнде үмітте, болашақта жоқ.
Адамдардың көпшілігі оның ең үлкен қателік екенін ойламастан, өткенді есте сақтауға тырысады. Сонша, нені есте сақтағыларыңыз келеді? Бұрын жіберген қателіктерді ме? Жоқ, тарихқа арқау сүйеудің еш қажеті жоқ. Тарихшылар паташалар мен биілік басындағылардың жаршысы болған.
Адамдар әйтеуір бірдеңеден қорқады... Бізбен не боларын, тек бір Құдай ғана біледі.
Менен кейде: "Өткенге оралсақ, өміріңіздегі ең үлкен қателігіңіз не деп білер едіңіз?"-, деп сұрайды. Мен айтамын: біз армандарымыз өте асқақ деп ойлағанбыз. Ал қазір , керемттей асқақ емес екендігіне көзіміз жетті. Айтарым-көп армандаңыздар.Арманыңыз қанша асқақ болса, жетер жетістігіңізде соған лайық болмақ.
Қазіргі жастар керемет. Тек, бір ұнамайтыны-олар саясаткерлерді жек көреді. Олар: саясат жемқорлықтың бодауында, ол бізге арналмаған дейді.Менің айтарым: егер әділ болсаңдар, әділ саясатты қаласаңдар, барыңдарда әділ саясат жүргізіңдер.
Мұның бәрі- менің өткен күндерден алған сабағым.
Жұрттар менен: Қалай белсенді өмір сүруге болады?-, деп сұрайды.Бұл өте қарапайым. Ойыңыздағы жетістіктер мен армандарыңызды санаңыз.Егер армандарыңыз жетістіктеріңізден көп болса, онда сіз әлі жассыз,белсендісіз.
P.S. Шимон Перестің cөздері құдды бір жазылмаған кітап секілді...