Өткен жылға өкпем жоқ!
блог
Бұл Массагеттегі алғашқы жазбам. Алғашқыда бұл сайтты біразға дейін жатырқап, көзімді үйрете алмай жүргенім рас. Ал қазір осы сайттан артығы жоқ сияқты. Сайт ұжымына мың алғыс. Еңбектеріңіз табысты болсын!
Биылғы 2011 жылы өмірімде орын алған кейбір келеңсіз оқиғаларды айтпағанда, мен үшін жақсы өтті деуге болады.
Ботик бастаған эстафетаның арқасында биылғы жылғы өзім үшін «ең,ең» дегендерді анықтаудың реті келді. (Эстафетаны кезексіз алғаныма айып етпессіздер).
Интернетке қатысты:
Жыл жаңалығы: Массагет.кз сайтының ашылуы, сосын әрине Айна ТВ жаңалықтары.
Үздік сайт: Он.кз, kerekinfo, metodkab.kz.
Ең жақсы жазатын блогшылар: әр блогшының өзіндік жазу ерекшелігі бар.
Ең әсерлі әрі тартымды блогтар: Рауан Сәбитұлы мен Мейіргүлдің блогтары.
Ең қызықты блог: «Мөлдір көздің бір күні».
Ең жақсы жаңалық жүргізушісі. Ботик КМ. Мөлдір көз.
Ең қызықты әрі күлкілі блогшы есімдері: Ашулы аққала, Үркеншік Бүркеншіков.
Жыл танысулары: Он.кз блогшыларымен танысуым.
Ең керемет күлкі: бұқақақа, уахахаха, хехе.
Жылдың күтпеген көрінісі: Мөлдір көздің сөз сөйлеп, Ботик пен Назеркенің билеп тұрғанын теледидардан көруім.
Жыл таңданысы: Ботик пен Айнараның нақты жасын білгенде қатты таңданғаным рас.
Жеке басыма қатысты:
Жыл жаңалығы: Жаңа жұмысқа орналасып, жұмысымды су жаңа ғимаратта бастадым. Интернетке деген қызығушылығым арта түсті. (Әсіресе, қазақша сайттарды көп қарайтын болдым)
Жыл әсері: Азияданың ашылуы.
Жыл қуанышы: Інім екеуіміздің ЖОО бітіріп, диплом алуымыз. Жездем мен тәтемнің көптен күткен сәбилерінің дүниеге келуі.
Жыл қорқынышы: Тараздағы оқиға және 16 желтоқсан қарсаңындағы теракт туралы гу-гу әңгімелер.
Осы жылы арылған әдетім: Сериал қарамайтын болдым.
Жылдың қызықты сыйлығы: 20 теңге лақтырып ұтып алатын жұмсақ ойыншықтар. Мен соның бірнешеуін ұтып алдым.
Жыл сапары: Қостанай-Троицк.
Жыл ақыны: Қалқаман Сарин.
Жыл киносы: «Балалық шағымның аспаны». «Елки».
Жыл әні: Сәкен Майғазиевтің орындауындағы «Арайлым» әні.
Ең үздік әнші топ: «Жебе»
Жыл газеті:Нұр-Астана.
Жыл журналы: Аңыз адам. Жұлдыздар отбасы.
Жыл сусыны: көк шай.
Маған ұнаған ең қызықты тіркес: «Конца света не будет, я еще замуж не вышла!
2012 жылдан тек жақсылықтар күтемін. Армандарымның орындалатынына сенемін. Себебі, ҰЛУ жылы - менің жылым!
Барлықтарыңызға келер жыл тек қуаныш пен жақсылық алып келсін!
Әрдайым сәттілік серік болсын!