Өте оңай, дәмді печенье!
жеке
блог
блог
Қалайсыздар, құрметті массагеттіктер!
Мен сіздермен дәмді печеньенің рецептісімен бөліспекпін.
Ендеше бастаймыз.
Құрамы:
200 гр маргарин
1 стакан қант
2 жұмыртқа
ванилин
15 гр разрыхлитель
ұн
Дайындалу жолы:
Ең алдымен ыдысқа маргарин мен секерді миксермен араластырып артынша жұмыртқа, ванилин, разрыхлитель ұнды қосып қолға жабыспайтын қамыр илейміз.
Қамырды жайып печеньенің формасына келтіреміз.
Печеньенің үстіне шоколад үгінділерін себуге болады.
Дайын болған печеньені 180 градуста 30 минут пісіреміз.
Міне печеньемізде дайын болды.
Астарыңыз дәмді болсын!