Отбасылық көңілді демалыс мекені
жеке
блог
блог
Қазір бәрінде уақыт тығыз. Үйден-жұмысқа, жұмыстан үйге қарай асығып жатамыз. Себеп, үлгеру керек. Бірақ, осы екі оараоықта жүргенде үйдегі баламыздың уақыты қалай өтіп жатыр екен деген сұрақ көпшілілігімізді мазалайтыны анық.
Шыны керек, біз үйден шығып, адамдармен араласқан соң қоғаммен байланыс бар. ал, балада ше? сол балапандарға қызықты демалыс сыйлай алып жүрміз бе?
Біздің отбасымызда әрбір жекебені балаға арнап салты қалыптасқан. Сол күнді біз тек балаға арнауға тырысамыз. Осы ретте, жақында біз өзіміздің отбасы үшін үлкен бір жаңалық аштық:)
"Глобус" сауда орталығының екінші қабатында орналасқан, "Baby_boom_globus" ойын орталығына бардық. Бірінші рет барғандықтан болар, мен үшін өте қызықты болды:) Негізі, расымен де, бала үшін көңілді уақыт өткізуге таптырмас мекен.
Қызым аунап-қунап, асыр салып ойнап қайтты. Ал, бізөзімізге қажетті дүкендерді аралап, алаңсыз жүруге мүмкіндік алдық. Себебі, бала сенімді қолда. Гүлсім есімді аруға сол үшін ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді:)