Екеуміз жұмыс істеп жүрміз. Сөйті, аяқтарымыз талғаннан бір-бір орындықтарға отыра кеттік. Осы отырыста әңгімеміз басталды. Анасы 16 жасында тапқан екен. Әкесі жоқ. Анасының айтуынша қайтыс болып кетті. Бірақ өтірік сияқты. Әкесін қатты сағынып жүр.
Сонда мен одан:
— Неге?
— Себебі оны жақсы адам ретінде елестете аласың. Ал мен оның отбасыма жасаған сатқындылығын кешіре алмаймын. Жексұрын ретінде қабылдадым.
— Бәрібір көргім келеді. Мамам тек руын ғана айтты. Болды. Ол кісі жайлы ештеңе білмеймін.
— Білмегенің жақсы.
— Жоқ, маған хотя бы төбелесуді үйретуші еді. Ол емес, маған дала үйретті ғой.
Осы тізбекте сөзіміз үзілді. Бізге көп демалуға болмайды. Қайтадан адамдарға қызмет көрсетуге кеттік. Бірақ бұл соңы емес. Жалғасы бір күні болар… Бұл енді маған байланысты емес.
Түйіндесем, толық отбасы қандай болу керек? Әкенің жоқтығы қызға емес, ер балаларға қатты сезіледі. Көбісі айтады, қыз бала әкесіне жақын, ер бала анасына жақын болады деп. Жоға, олай емес. Кейбір отбасыларда болмаса енді. Болашақта дұрыс қадамдарға ғана жол болсын. Бұрыс басып, күнәсіз сәбидің көз жасына қалмаңдар. Болды. Осымен аяқтаймын.