Отбасы-əрбіріміз үшін ерекше орны бар, ыстық ұя. Отбасы-өмірдің, қоғамның бір бөлігі. Отбасы-тəрбиенің тал бесігі. Қай заманда, қандай ел мен мемлекетте болмасын, отбасының рөлі ерекше болғаны белгілі. Сонау замандарда əке мен шешенің, туыс пен рудың өсіп келе жатқан бала үшін маңызын ерте жастан бойына сіңірген. Соған сай, ұл мен қыз өз отбасын киелі мекен, қасиетті шаңырақ екенін жете түсінген... Олай болса, ұлт пен ел тарихы қоғам мен отбасының тұтастығымен тығыз байланысты екенін ескеру керек. Кешегі мен бүгінге көз салып қарасақ, болашақтағы отбасының рөлі қаншалық болмақ, заманауи отбасы деген не, ол қандай болуы керек? деген сұрақтар туындайды.
Жалпы алғанда, "заманауи" жəне "отбасы" деген ұғымдардың өзі-жаңа сөз. Заманауи болу- заман талабына сай болу. Отбасы сөзі Кеңестік дəуірде қалыптасқан "семья" сөзінің бүгінгі қазақи мағынасы. Бұл бəрімізге белгілі жайт. Ал бүгінде отбасының адам мен қоғам үшін, ұлт пен ұрпақ үшін маңызы қандай? Бүгінгі күні ежелгі мəдениет пен өркениеттің кейбір үлгілерін заманауи құралдар алмастыруда. Қоғам да осыған сай замана ағымына ілесіп келеді. Тəрбие мен отбасының да өзіндік ерекшеліктері уақыт талабына сай өзгеруде. Отбасы-əке, шеше, бала, туған-туыстар. Қазір бұрынғыдай қатып қалған ереже мен белгілі бір талаптар жоқ. Бала тəрбиесімен көбінде анасы айналысады, кейінірек балабақшаға береді. Ол жерде бала басқа ортамен ерте жастан араласуды үйренеді. Əкесі болса, отбасының тірегі əрі асыраушысы. Бала ата-анасын сыйлай білсе, қадір тұтып, құрметтесе, əке мен шешесі бала үшін үлгі бола білсе, берекелі отбасының үлгісі осы емес пе?! Уақыт талабына сай балаға білім мен тəрбие беріп, оның тіл мен өнер үйренуіне жағдай жасау-ата-ананың міндеті деп білемін. Ұл мен қыз өз болашағы үшін білім алып, білікті маман болуы керек. Күнделікті тіршіліктен бөлек, отбасылық демалыс, мереке мен жиындарда жиі бас қосып, туған-туыстармен де араласып тұру қажет. Ұлттық əдет-ғұрып, салт-дəстүрден алшақтамай, заман талабына сай ұрпақ тəрбиелеу-ата-үшін міндет болса, бала үшін-үлгі-өнегені бойына сіңіріп, білімді болуы керек.
Заманауи отбасы=ата-ана+бала+сыйластық+береке+түсіністік×отбасылық бақыт+адалдық+сенім(махаббат)