Отандық сән бизнесін қолдағанымыз дұрыс па?
блог
Адам көркі шүберек демекші,әр адам сәнді,әрі соңғы сән үлгісі (мода) арқылы киінгісі келеді.Рэйчел Зоуи айтпақшы: "Стиль-өзіңнің кім екеніңді аузыңды ашпай-ақ айту".Яғни,адамның бір ғана киіміне қарап оның табиғатын,мінез-құлқын,жалпылап айтқанда болмысын білуге болады.
Жыл сайын Қазақстанда қаншама студенттер дизайнер мамандығын бітіріп жатыр.Бұл дизайнерлерімізің санының көптігі,бірақ сапасының жоқтығы ма?Әлде қажетті қолдаудың,қажетті кезде көрсетілмегені ме?Әрине өзінің жеке брендін ашуға екінің бірінің қалтасы көтермейді.Ал қазіргі таңда Қазақстанда танымал дизайнерлеріміздің киіміне қарапайым xалықтың қалтасы көтермейді.Шынымен де бұл қайдан алыған,және не деген шарықтап тұрған баға?Дүкендеріне барғанда көздің жауын алатын киімдерін сатып алғың-ақ келеді...Бірақ қалтаң көтермегендіктен ақырын ғана бұрылып кетуге мәжбүр боласың.
Түркияның 15-20 мың,Қытайдың 10-15 мың теңге тұратын көйлегін қанағат етіп жүрген xалықта,отандық дизайнерлердің киімін сатып алуға ақшасы қайдан жетсін?
Қазақстанның сән индустриясын шет елге xабар тарататын бағдарламалар ашу арқылы танытамыз деген адамдар көп.Бүл пікір де дұрыс.
Менің пайымдауымша тек қана атақты адамдарға (әнші,әртіс,тележүргізуші т.б), бай-шонжарларға ғана арнап киім тікпеу керек."Mango","ZARA","Adidas" секілді текстиль өнімдерін көбейтіп,дүкендерін Қазақстанның әр қаласынан,шет елдерден ашып,бағасын қолжетімді ету керек.Сонда ғана қазақ сән бизнесі дамып,жұмыссыздар да азайып қалар еді.
Бүгінгі жас дизайнерлерден бір жаңалшылдықты көрсек.Айтыла-айтыла тізесі шыққан ою-өрнекпен қазіргі таңда ешкімді де таңғалдыра алмайсың.Менің,қазақ xалқының тілегі ол-сән әлемінде "Made in Kazakhstan" атын көру.