Отандық өнім әлеуеті
блог
Еліміздегі құс шаруашылығының дамуы дұрыс жолға қойылды. Оған дәлел өткен жылы құс фермалары 3,2 млрд жұмыртқа мен 138мың тонна құс етін өндірген екен. Ал биыл ол көрсеткіш едәуір артпақ. Қазақстан құс өндірушілер одағы отандық өнім өндірудің сапасын арттыруда келелі еңбектер атқарып келеді. Құс фабрикаларының да жұмысы жанданып, жаһанданып, сұраныс көлемі де артқан. 2000 жылы 53,2мың тонна құс етін пайдалансақ, бүгінде сұраныс көлемі 250-300 мың тоннаға жеткен.
Құс фабрикасындағы бір күн
Ақмола облысы Ақмол ауылында 100 жуық азаматты жұмыспен қамтып отырған «Ақмола Феникс» құс фабрикасы құс өнімдерін өндіруде толық циклда жұмыс жасайды. Осы жылы жазғы демалыста (дәлірек айтқанда, өндірістік тәжірибе кезінде) сол кәсіпорынның жұмыс барысын бақылап қайтқан едім. Алған әсірім мен жинаған бар ақпарымды назарларыңызға ұсынам!
Бройлер балапандарын дүкен сөрелеріне жеткізу үшін жалпы 68 күн уақыт кетеді. 21 күн инкубациялау кезеңі, 4 күн вакциналау және сұрыптау кезеңі, 43 күн өсу процесі.
Инкубациялау кезеңі
Жұмыстың сапалы атқарылуы тұтынушының сұранысын толық қанағаттандырып, өнімнің Еуропа сапа стандарттарына сай болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, инкубациялық құрылғыға тек толық сұрыптаудан өткен жұмыртқаларды ғана салады. Инкубациялық құрылғылар Бельгиядан әкелінген, құрылғы ішіндегі орташа температура фаренгейт бойынша 99 градус. Бірақ ол тұрақты температура емес, құрылғы кесте бойынша жұмыртқаларға қолайлы жағдай туғызу үшін жылу деңгейі мен ылғалдылықты бақылап, сәйкесінше ауыстырып отырады. Осындай бір кабинада115 200 жұмыртқа инкубациаланады.
Вакциналау және сұрыптау кезеңі
Жұмыртқаны жаңадан жарып шыққан балапандар өз ағзасындағы сарыуыз есебінен 4 күнге дейін ас-сусыз өмір сүре алады екен. Сол уақыт ішінде балапандар қайта сұрыпталып, вакциналау жұмыстары жүргізіледі. Ал әлсіз балапандар жарамсыз деп танылып, ары қарай айналымға жіберілмейді (әлсіз балапандарға әрине жаның ашиды, бірақ сапалы өнім алу үшін сәл қатыгездеу болу керек па деп қалдым). Инкубациалық кешен толық жұмыс жасаса, бір жылда бір миллион балапанға дейін басып шығаруға қауқарлы. Әзірге мұнда әр бес күн сайын 60 000 балапан басып шығарылады.
Енді 43 күннен кейін бұл балапандар дайын өнім күйінде дүкен сөрелеріне жол тартады. Ал әзірше олар тамақтандыру ортылығында болады. Бұл кешенге енді бір жыл толады, сондықтан алдағы уақытта жұмыс орындары көбейіп, балапандардың саны артады дейді кәсіпорын басшылығы.
Құс фабрикасындағы қызықты прцесстердің бірі сою цехында. Ал ол жайлы сәл кейінірек...