Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. Өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі Отандық брендтер.
Әлемдік нарықта көптеген елдер отандық өнімдерімен тауар алмасып отырады. Бүгінде әлемдік тауар алмасуда әртүрлі, дамуы мен мәртебе жағынан сан қилы елдер кездесіп жатады. Соның ішінде өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриалды елдер қатары бар. Олар әрине, АҚШ, Германия, Жапония, Франция т.б. сияқты елдер. Аталмыш нарықта Қазақстан Республикасының да алатын орны бар. Біздің еліміз бірнеше әлемдік ұйымдарға мүше болып табылады. Осындай деңгейде, отандық өнім шығаруда да, ел экономикасына оң өзгерістер әкелуде.
Еліміздің брендтік тауарлар өндіруі бойынша әлемдік тауар айналымындағы дәрежесі қандай? Жалпы өзге елмен салыстырғанда жер көлемінен де, халық тұрмысының жағдайы да алдыңғы қатарда десе артық айтпағанымыз болар. Тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан бастап, елдің өз теңгесі, экономикасы өмірге келді. Алайда 25 жыл ішінде әлемдік нарықта айтарлықтай орын алдық па? Не себепті, әлі күнге дейін шет елдік тауарларды пайдаланамыз? Отандық өнімнің сапасы төмен болғаны ма?
Отандық тауарлар қолжетімді болғанымен бағасы жағынан аса қымбат. Себебі, кейбір техниканың жетіспеуінен шет елдерге жіберу арқылы өңдеу мәселелері көтеріліп отыр. Бұл кәсіпкер үшін де тиімсіз болып табылады. Бұдан шығатын қортынды, отандық сапалы өнім өндіру үшін ең алдымен, қабілетті мамандар мен техника қажет. Осындай мәселелердің көтерілуі нәтижесінде елбасымыз отандық кәсіпкерлерге үлкен жағдай жасап отырғаны мәлім. Яғни, үлкен көлемде қаражатты несиеге беріп, өз кәсібін бастаймын деушілердің қолтығынан демеуде.
«Бренд» ұғымы - өнім немесе компания белгілерін нарықтағы белгілерінен ерекшелейтін белгілі жиынтығы. Көпшілік тұтынатын өнімдерге қатысты айтар болсақ, отандық бренд тізбесі біздің экономикамыздың жастығына қарамастан, алуан түрлі және өсіп келеді. Мысалы, жеңіл өнеркәсіпте отандық бренд атағын иеленіп үлгерген қазіргі қазақстандық компанияларды атап өтетін болсақ, «Aida KaumeNOVA» - бұл бренд киімі жетістікке жеткен, белсенді өмір сүретін, стильді және сәнді көрінгісі келетін әйелдерге арналған. Жарнамасы жер жарған қазақи әмиандар және «Отан» брендімен назарға ілінген сағаттар. Мұнымен қатар, арнайы таза қойдың, түейенің жүнінен керемет көз тартарлық көйлектер тігетін Ая Бапанидың жұмыстары шетелде өте жоғары бағаланады.
Дизайнердің айтуынша тауарларының ең басым тұтынушылары шетелдік азаматтар екен. Бұл дегеніміз еліміздің экономикасының дамуына септігін тигізетін бірден бір сала.
Сонымен қоса, елдің абыройы, елдің имиджі, елдің шетелде танылуы, шетел азаматтарында елге қатысты туындайтын ассоциация. Ең алдымен Қазақстан аумағына инвестицияны тартады, туристер ағымын көбейтеді, елді экономикалық, саяси тұрақты ел ретінде көрсетіп, отандық тауарлардың әлемдік нарыққа шығуына көмектеседі.
Иә, бізде Қазақстанды әлем жұртшылығына кеңінен танытатын, ұлттық брендіміз болатын дүниелер баршылық. Экономика саласында шетелдерге өтімді туарлар қатарында «Әдемі-ай» компаниясын атауға болады. «Әдемі-ай» компаниясы қазақ халқының ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, тарихын, еліміздің бүгінгі жетістіктерін бейнелейтін кәдесыйлардың қайталанбас түрлерін шығарады. Олар көптеген елдерде өткен көрмелерге қатысып, жүлдегер атанды. Елімізге келген туристер кәде сый ретінде сатып алады екен.Мұны ұсақ-түйек дүние деп қарауға болмайды. Себебі, әлем елдері бұған айрықша мән беріп отыр
Маркетинг мамандар Қазақстанның киім-кешек нарығын әлемдік брендтер иеленіп алғанын айтады. Ал тұрғындар «қазақстандық дизайнерлердің киімдері өте қымбат» дейді.
Дана Маратова журналист. Елімізде ұлттық бренд болатын өнімдер мен бұйымдар шығаратын компаниялар да баршылық. Отандық тауарлар сондай көз тартарлық болғанымен, бағасы өте қымбат. Мен 40 000ға қазақстандық бір көйлек алғаннангөрі De Facto, MANGO, Zara сынды бутиктерден 4000тг алғанды жөн көремін.
Тұрсымбаева Айнаш аспаз. Елімізге «Мен сыйға тартқан орамал» әнімен кеңінен танылып, халқының сүйікті әншісіне айналған Роза Әліқожа жеке брендпен орамалдар шығаруда. Жалпы Қазақстандық өнімдердің сапасына артар мінім жоқ, жарнамасы да ұрып тұр. Дегенмен, қымбат.
Осы тұста, Идея бар. Қолдау бар. Сұраныс бар да өзімізге пайда әкелу үшін табиғи шикізатты дұрыс пайдалануымыз керек. Табиғи шикізатты дұрыс пайдалану дегеніміз – шикізаттарды аты-жөні жоқ сата беру деген емес, одан сапалы тауар шығару арқылы брендке айналдырып, сол бренд арқылы елдің брендін көтеруге әбден болады. Сонда ғана артық шығынсыз пайда таба аламыз.