Отан
жеке
блог
блог
Отаным деп отты кешіп,талай тағдыр күйіпті,
Өз отанын сүймегендер бола алмайды сүйікті.
Отан ыстық шоқтардан да,оттардан да лаулаған,
Өз отанын сүйе алмайтын опасыздар жау маған.
Жер бетінде махаббатты бір ұғымға сыйдырған,
Отан менің періште жүз анашымнан аумаған.
Отан-ана, Ана-отан қасиетіңнен айналам,
Тағдырымды екеуіңе өз еркіммен байлағам.
Отан,Отан,құдіреттісің мәңгілікке биіксің,
Адамзатқа ыстық мекен,жылылықты жиыпсың.
Сондай ыстық,сондай биік,сондай үлкен болсаң да,
Бұлқынатын жұдырықтай жүрегіме сиыпсың.