Осыған да шүкір!!
блог
Дамуы жағынан артта қалған кәрі құрлық мемлекеттері жайлы барлығыңыз білетін боларсыздар. Осындай мемлекеттердің бірі-Сомали. Африканың шығысында орналасқан бұл мемлекет қуаңшылық пен жаңбырсыздықтың салдарынан қатты ашаршылық уақыттарын өткізуде. Оған қоса, елдегі политикалық қақтығыстар, яғни азаматтық соғыс жағдайды одан ары тығырыққа тіреуде. Бұл гуманитарлық катастрофа қазіргі уақытта 11,8 миллион адамның өміріне қатер тигізуде болса, осы ашаршылықтың кесірінен 100 мыңнан аса адам қырылып үлгерді.
Аштықтың басты себебі ретінде 2011 жылдың басындағы қатты қуаңшылықтың әсерінен туындады. Мұндай қиыншылыққа әзір болмаған, онсыз да азаматтық соғыс салдарынан әлсіреген Сомали ауыл шаруашылығы бірден құрдымға кетті. Ал халықты тонаушылықпен айналысатын террористтік организациялар шеттен келген гуманитарлық организациялардың жұмысына барынша кдергі жасауда. Халықтың арасында ауру мен кесапаттар кеңінен тарап, ең алдымен аштықтың қиыншылығын бейкүнә сәбилер мен жас жеткіншектер тартуда.
Бұл зардаптың басты себебі қуаңшылық болса, батыс елдерінің де бұл жағдайдың алдын алуға барша мүмкіншілігі болды. Себебі бұл елде мұндай қуаңшылықтар бұрын да болып тұрған. Сол себепті Бүкіләлемдік астық программасының бастауымен ауа-райын болжай отыра қуаңшылық жайлы ескертетін бюро ашылған болатын. Әрине бұл бюро өз жұмысын толық орындады. Әттеңай дейтін сәт тек осы ескертпеге мән бермеген батыс елдерінің ашаршылыққа деген кеш іс-әрекеттері болатын. Яғни, батыс елдері Сомали еліне гуманитарлық көмекті аштық болатыны жайлы ескертпелерден ке"ін шұғыл бастаған жоқ. Тек қана теледидарлардан аштықтан қырылып жатқан халықтың бейнелері шу шығара бастаған кезде ғана іс-әрекет көріне бастады.
Бұдан шығатын бір сұрақ: "Аштықтан қырылып жатқан халыққа батыс елдері әдейі кеш көмек көрсетті ме?"