Осы сәт

Осы сәт
жеке
блог

Үш нәрсенің дәмін татып көру туралы ой келгенде іркіліп қаламын: сәби кезіңде емген ананың сүті, көздің жасы, тері тілінгенде шыққан қан.

***

Адамдар қоғамның толық бір мүшесі атану үшін ғана үйленетін сияқты. Үйлену керек болған соң ғана  түсінісе алатын жанды іздей бастайды. Мәселен, елуге келген сүр бойдақ қоғамда нәрмәлні санала ма? Жоқ, саналмайды. Сыртынан ол адамның бір кемшілігі бар шығар деп те ойлауы мүмкін.  Ал ол шын мәнінде өзін бақытты сезінсе ше...

                             ***

      Осы уақытқа дейін махаббат туралы түсінігіме күлкім келеді. Шын мәнінде адамдар кез-келген жанмен махаббат ойынын ойнай алады. Кез-келген жанды ұната алады.Тек бір-біріне мүмкіндік берсе болғаны...

***

     Кейде үндемеу де пайдалы екен...

***

     Бұрын түріктердің құр айғай патриоттығынан жүрегім айныса, қазір қазақтардың да бойынан сондай синдромды байқап, құсқым келіп жүр.(фейсбукты көріп ойладым)

***

       Түбі бір түркі дүниесіндегі бауырлас елдер деген ұғым жақсы да, шындап келгенде неге өзбекті, ұйғырды, қырғызды басқаны ұнатпаймыз?

 

***