Осы біздің киномыз

Осы біздің киномыз
жеке
блог

Класс тайм 13.02.2013

запрещенные танцы

Қазақ киносының қарасы көбейіп келеді. Бүгінде, ел аузындағы елеулі фильм - "Запрещенные танцы". Әсіресе жастар жағы бұл фильмді көруге асық. Жақсы туынды болғаны үшін бе, әлде тек отандық өнім болғаны үшін бе?

Кеше көрдік бұл киноны. Елді еліктіріп, жастарды желіктіріп, кинотеатрларға жинайтыны болмаса, іліп шығатын ештеңесі жоқ. Мән-мазмұны шет елдің «Шаг вперед», «Танцы улиц» сынды атақты киноларындай, бірақ соның өзі актерлік шеберліксіз сомдалған салқын бейнелерге толы.

   Туындының дәрежесін көтеруге әсер етеді деген оймен, шоу-бизнестегі атақтылардың көмегіну жүгіну бұл күнде кез келген фильмнің ермегіне айналса керек. Сол сияқты мұнда да танымал бейнелер топтамасын көруге болады. Мүмкін, бұл фильм өз шығынын ақтаған да болар, өйткені алғашқы аптаның өзінде туынды 15 млн теңге қаржы жинап үлгерген. Ия, мойындайтын тұстары да бар, еліміздегі тұңғыш көше биі жайлы түсірілген картина. Жасөспірімдерді биге деген қызығушылығын арттырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Себебі, көшенің жаман әдетінен гөрі биіне үйір болған әлдеқайда дұрыс шығар. Айтып айтпай не керек, би жарыстары көрермендерге ерекше әсер етті.

   Алайда, ашық анайы көріністерітолып жатыр. Өкініштісі сол, отбасымен отырып көруге арналған фильм емес. Бұл да болашақтың бастамасы болар деген үміт бар тек. Киноның соңы салиқалы оймен бітер деп тағатсыздана күткенімізбен, ойлағанымыздай болмады.

   Қай салада болмасын, тілге шебер, іске олақтау екеніміз білініп-ақ тұрады. Түбінде бізге сүйексіз қызыл тілден гөрі, еті тірі іс керек-ау. Кино бойы қыз аңдығаннан, миды шаршатар ой қуған жөн бе еді, қалай өзі?!

                                                                                                                       Гүлжан Серік