Осы біз неге «өртене» береміз?
блог
«Жұлдыз» базарынан өрт шығыпты, біраз жүк қоймалары өртеніп кетіпті, деген хабар лезде айналаны шарпып үлгерді. Сұм хабар сүйектен өтеді. Жүректі ауыртады. Еріксіз ойландырады....
Ойландырғанда мына басқа сұмдық бірақ ой келеді, «осы біз неге өртене береміз?». Басында жауапкершіліксіздіктен, салғыртықтан деп «өртене» беріуіміздің себебін өзіміз жақтан іздесе де, бірінің соңын бірі алып, алауы аспанмен тілдесе «Барахолка» базары жанғанда жағамызды ұстап «біреулер өртеп жатыр» деп шуластықта қалдық. Расында да өрт шығарып жүрген біреулер ме немесе біз өз өзінен «өртене беретін» халықпызба?
Өткен жыл өртке толы жыл болды. Тәуелсіз қазақ аспанын қақ жара ұшқан қос бірдей ұшағымыз бортындағы жиырмадан астам жолаушыларымен көкте жанып кетті. Жанымыз ашыды, көзімізге жас алып сол күнді қаралы күн деп жарияладық да. Арадан жылдан астам уақыт өтсе де бұл ұшақтарымыздың көктен жерге қонбауы себептері әлі анықталған жоқ. Күмән тудырады, ұшақтың ақауы, құлау себептері туралы сөйлейтін «қара жәшіктердің» сыр шертпеуі . Сол ұшақтар неге өртенді екен ә???
Жыл соңына жақын «Барахолка»да базар өртеніпті деп шуласып жаттық. Ауызды жиып үлгермей екіншісі өртенді, себептерін іздеп әуреге түсе бастағанымызда үшіншісі бықси бастады... . енді себеп іздеуге де қажет шамалы ау, Астанада өртенбеген базарлар, тағы, бір ортадағы базар шетінен өртене бастаса! Осы халық көп нәрсені біледі, кеше автобуста бір кісі көпшілікке естілетін дауыста осының жауабын айтып отыр: «Өрт жайдан жай шықпайды, оны өртеп жатыр. Неге өртейтіне де белгілі «Барахолка»ның орнынан жаңа базар салынады. Ал, қазір ол сатушыларға базардан бес алты жылға кетіңдер, бұл жерден жаңа базар саламыз десе ешкімнің кепесі анық, сол үшін де өртеп жатыр...».
Расында да ол кісінің сөзінде жан бар сияқты, әнеу бір күні Алматының жаңа базарының сызбасы мен сұлбасын талқылап жатқан топ туралы эфирде көзім шалып қалған еді.
Сонда бізді қайта қайта біреулер «өртеп» жүрме немесе біз феникс секілді өздігінен өртене береміз бе? Осы неге біз «өртене» береміз???