"Өсімдіктер әлемі" оқу-әдістемелік кешені жарық көрді
блог
«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені мемлекеттік стандартқа сәйкес пәндерге қосымша құрал ретінде пайдаланылады. Оқу материалдары оқушылардың танымдық қабілетіне сәйкес деңгейлі топтастырылған. Шағын кітапшалар мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушылары мен балабақша бүлдіршіндерінің өсімдіктердің түрлеріне байланысты алғашқы ұғымын қалыптастырады. Қолға ұстауға ыңғайлы кітапшалардағы суреттер және олардың атаулары арқылы балалар өсімдіктерді топтап, ажыратып, көзін үйретіп, тани бастайды.
«Әліппе» әдістемелік кешені қырыққа жуық гүлдердің түрін қамтып, олардың суреттерін және әрбір гүлге арнап шығарылған өлең шумақтарын ұсынып отыр. Балалар әліппе сабағында әріптермен танысса, «Әліппе-гүлдер әлемі» арқылы сан алуан әсем гүлдермен танысады, сол арқылы танымдық қызығушылығы артады, әсемдікті сезіну мүмкіндігі дамиды, табиғаттың құндылығын түйсінуі қалыптасады.
«Санамақ» арқылы әсем өсімдіктермен таныса отырып, математикалық білімі, танымдық қызығушылығы артады, табиғатты аялау сезімі тереңдейді.
Жалпы өсімдіктер жайлы білімін тереңдету үшін «Өсімдіктер әлемі» дидактикалық материалдарын қолдануға болады. Дидактикалық материалдар он екі сериядан тұрады.
«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені бойынша шығарылған шағын кітапшалар, гүлдер әліппесі, санамақ, дидактикалық материалдар, боямақтар, кестелер, ертегілер арқылы өсімдіктердің түрлерін балаларға деңгейлеп үйреткеннен кейін, оқушылар жұмбақтар арқылы алған білімдерін бекітіп, ойын жинақтайды.
"Өсімдіктер әлемі" оқу-әдістемелік кешенін редакциядан сатып алуларыңызға болады. Біздің мекен-жайымыз:
Хан Тәңірі 131, Алмаарасан трассасы.
Байланыс телефондары: 269-15-30, 269-15-36,
87017841714